Home » тәрбие сағаты »  Алтын күз 

 Алтын күз 

Тулегенова Бейбиткуль Ивановна
 Жезқазған қаласы
№ 15 «Гүлдер» ҚМҚК
бөбекжайының тәрбиешісі

 Тобымыз мерекеге сай безендірілген. Жерде дөңгелене жапырақтар жайылған. Музыка әуенімен балаларды кіргізіп шеңберге тұрғызады.
Күз: Балалар, қараңдаршы біздің тобымыз қандай әдемі. Күз мезгілі келді. Ауа райы жаңбырлы. Түрлі-түсті жапырақтар аяқтың астында шықырлайды. Ал, самал жел соқса жапырақтар түсе бастайды.
Күз: Балалар,  бізге құс ұшып келді, кішкентай құс, кішкентай құс!
Құс: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен кішкентай құспын, тоғай ішінде алма іздеп жүрмін, чик-чирик, чик-чирик. Қандай әп-әдемі балалар!
Күз: Кішкентай құс, біздің балалар бүгін күз мерекесін тойлап жатыр.
Құс: Мен мерекелерді жақсы көремін, олай болса билеп көңіл көтерейік.
Би: «Жапырақтар»
Құс: Жарайсыңдар балалар! Мен сендермен жақсы көңіл көтердім әрі қарай жылы жаққа ұшуым керек.
Күз: Кішкентай құс, біздің баудан алма ауыз ти.
Күз: Қарап тұрмын, ар жақ орманнан бізге кім келе жатыр екен?
Қоян: Ой, мұнда қаншама бала бар екен! Мен балалардан қатты қорқам, қорқақ қоянмын.
Күз: Сүйікті қоян қорықпа, біздің балалардың өнерін тамашалап, біздің балалармен дос бол.
Күз: Ал, балалар, қоян досымызға «Бала, балақан» әнін орындап берейік. Күз мезгіліне арналған тақпақтарымызға  кезек берейік:
Жанайым:Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой
Каусар.С.:Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Дінмұханбет:Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Көркем.Н. Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Сәбізбін мен жазықсыз
Каусар.Қ. Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Әбілқайыр: Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Ханшайым: Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарып
Тұмаудан бірақ сақтаймын
Қоян: Мен қорқақ қоян болсамда, балалардан енді қорықпаймын.Ары қарай секірейін, азығымды іздейін.
Күз: Қоян біз саған сәбіз береміз. Бізбен көңіл көтергеніңе рахмет. Сау бол!
Күз: Балалар, бұлт шығып, бізге жаңбыр жауайын деп келе жатыр, бірақ біздің балалар жаңбырдан қорықпайды. Әсем әуен ойналып жаңбыр келеді.
Жаңбыр: Жаңбырдан біз қорықпаймыз,
Қолшатырды ұстаймыз,
Әрі қарай тоқтамай,
Жүруді біз қолдаймыз
Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Күз: Сәлеметсің бе,  жаңбыр!
Жаңбыр: Балалар, сендерге жаңбыр жауған ұнайма, ендеше сендермен әдемі ойын ойнағым келіп тұр. Сендер әсем әуен ойнаған кезде әдемі билейсіңдер, ал жаңбырдың дыбысын естігенде менің қол шатырымның астына тығыласыңдар.
Жаңбыр: Ал, кәнекей балалар ойын ойнайық, 3-4 рет қайталанады. «Күн мен жаңбыр» ойыны.
Мақсаты: Қимыл-қозғалыстарын дамыту, шапшаңдыққа баулу.
Жаңбыр тоқтап, күн шықты. Жаңбыр тиіп кетпесін.
Күз: Балалар, шеңбер жасап тұрамыз. Жаңбырға арнап ән айтып берейік.
Ән: «Жаңбыр»
Жаңбыр: Балалар, сау болыңдар! Сендермен жақсы көңіл көтердім.    Мен басқа балабақшадағы балаларға барып жаңбыр жаудырайын!
Күз: Күз байлығы біздің дастарханымызға дәнді-дақылдарын, жеміс-жидектерін толтырған,күздің кішкентай балапандарымызға сыйы мол.
Сендер өнерлеріңді көрсетіп еңбектендіңдер. Күздің әкелген сыйлықтарын қабыл алыңдар! Мына кәрзеңкедегі жемістерді сендерге үлестіріп берейін. Құрметті, қонақтар осымен «Балбөбек» тобының ұйымдастырылған ертеңгілігі аяқталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.