Бокеева Шынар Нурланкызы
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Топқайың ауылы
«Топқайың орта мектебі» КММ
шағын орталықтың тәрбиешісі
Білім беру саласы: Таным.
Оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 5 санымен таныстыру. Тура кері санау.
Мақсаты: Балаларды 5 санымен таныстыру. Ойыншықтар арқылы есеп шығартып, ойлау қабілеттерін арттыру. Бірден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санның орнын білуді үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қостілділік компонент: қоян -заяц, бір-один, екі-два.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұраққа жауап, сергіту сәті, мадақтау, қорытындылау.
Қажетті көрнекі-құралдар: сандар, қоянмен сәбіздің суреттері.
Мотивациялық-қозғаушы кезең.
— Балалар бүгін бізге ерекше күн!
— Бүгін біздің топқа қонаққа апайлар келді, қане орнымыздан тұрып, шаттық шеңберінде амандасайық.
Амансың ба, Алтын кун!
Амансың ба, достарым!
Амансың ба, апайлар!
Тілейміз сіздерге жарқын күн!
— Енді балалар оқу-іс әрекетіне көшейік.
— Өткен сабақта қандай санмен таныстық?
— Кәне кім 4-ке дейін санап береді?
— Балаларға 5 санын көрсетіп, қандай сан екенін сұраймын. Бәріңде балалар 5 санын жақсы біледі екенсіңдер. Бүгінгі сабақта осы 5 санымен танысамыз.
— Балалар, мында қарайықшы, не ілініп тұр? (сандар)
1-ші санның тапсырмасы:
Тура және кері санау, тақтаға ілінген сандарды санау.
— Балалар, сендер өте жақсы санадыңдар.
1 санының артында не бар екенін көрейік.
— Аю мен тиын қай санның артынан шықты.
— Балалар, мынау қай сан?
Аю не жейді? Олай болса аюдың құлпынайға жету үшін 1-5-ке дейін санаймыз. Тиын жаңғаққа жету үшін кері санаймыз.
2-ші саның тапсырмасы:
— Балалар, кім 5-ке дейін санамақ айтады?
— Бір үйде біз нешеуміз.
— Кел санайық екеуміз.
— Бас бармақ – атам.
— Балалы үйрек – әжем.
— Ортан терек – әкем.
— Шылдыр шүмек – апам.
— Кішкене бөбек – мен.
— Бір үйде біз нешеуміз?
— Бір үйде біз бесеуміз.
***
— Бір дегенім – бірлік.
Онсыз болмас –тірлік.
— Екі дегенім-еңбек.
Еңбек бәрін – жеңбек.
-Үш дегенім –үлес.
Үлес үшін – күрес.
— 4 дегенім-терме.
Тұрған жақсы ерте.
-5 дегенім — белең.
Сан үйреніп келем.
Өте жақсы балалар, санамақты жақсы біледі екенсіңдер.
2-ден кейін қандай сан?
3-санның артында не бар көрейік?
— Қояндар бар екен.
— Неше қоян бар екен?
— Дұрыс 5 қоян.
— Балалар, сендер қоян туралы өлең білесіңдер ме?
— Ендеше балалар осы өлеңді қимылмен айтып денемізді сергітейік.
Ұзын құлақ, сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен.
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
4-санның тапсырмасы:
— Балалар, қоян қандай тамақ жейді?
— Қоянға сәбіз жетті ме?
— Кім айтады неше сәбіз жеткен жоқ?
— Қоян нешеу балалар?
— Сәбіз нешеу?
— Сәбіздің түсі қандай?
— Қандай пішінге ұқсайды?
5-саның тапсырмасы:
— Балалар мұнда не көріп тұрмыз?
— Ағашта не өседі?
Ендеше кім шығып ағашқа алма жапсырады?
— Балалар, бүгін қандай сандармен таныстық?
— Ауызша сандарды айттыру?
— Кері санайық?
Мектепке барғанда, сабақты жақсы оқып, қандай баға аласыңдар?
Рахмет балалар, бүгін өте ақылды болдыңдар .
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: 1-5ке дейінгі сандарды тура және кері санай білді.
Меңгерді: Заттарды суретіне қарап санға сызық арқылы қосуды.
Жасай алды: Естігендері бойынша жиындарды жинай алды.