Бұл күн – біз үшін үлкен мәнге ие. Тарихымызда ерлік пен батылдықтың, әділеттілік пен теңдіктің символы ретінде мәңгі сақталатын күн.
Республика күні еліміздің әр өңірінде ерекше тойлануда. Мерекеге орай Алматы қаласы білім басқармасына қарасты 142 бөбекжай -балабақшасы да мерекені жоғарғы деңгейде атап өтті.
Мерекелік концертте балалар арнайы дайындаған өлеңдерін айтып, көрініс қойды. Сахна төріне шыққан тәрбиешілер мен бүлдіршіндер қүңіренген қоңыр күздің қызықтарын сипаттап, көз алдымызға елестетіп ерекше күйге бөледі. Сонымен қатар тарихымыз, еліміз жайлы, тәуелсіздік туралы бірнеше сұрақтарға бүлдіршіндер мүдірмей жауап берді.
Мәселен қазақтың үш биін танып, Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұранымыздың қасиеттілігін түсініп ойын білдірді. Бұл әрине тәрбиешілердің зор еңбегі. Біздің бөбекжай әуелден баланың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырып , ұлтын құрметтеуді, сүюді насихаттайды. Бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатқан қазақ елін бүлдіршіндер керемет қойылымдарымен көз алдымызға елестетті. Одан әрі ортаға ұлттық ойынымыз асық «Шыр» ойыны ойнатылды.
Осылайша ұлттық мерекемізді балабақшаның ұжым мүшелері мен кішкентай бүлдіршіндер ерекше атап өтті. Әр жыл сайын балабақшамыздың табалдырығын аттайтын жас ұрпағымызды мектеп табалдырығына дейін жетелеп жеткізу, олардың бойына ұлттын сүюге, отанды құрметтеуге, қазақ тілінде емін-еркін сөйлеуге үйрету біздің борышымыз!
Мереке қарсаңында арнайы алғыс хатпен марапатталдым. Бұл ұжымның ата — анамен тығыз, әрі ұдайы байланыста болып, бірлесе атқарған еңбегіміздің нәтижесі деп білемін! Республика күні-барша қазақтың рухы асқақтап қуанатын күні. Жыл сайын бұл мерекені тойлап келеміз. Ұлттық мерекемізді тәрбиешілер мен педагогтер болып тойлаудан еш жалықпаймыз, бүгінгі мерекелік шарамызды төмендегідей өлең жолдарымен түйіндесем.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Елдігімізді нығайтатын ұлттық мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Наурызбаева Марзия Токтагазиновна
Алматы қаласы
КМҚК «№ 142 бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі