Home » Мақалалар » Қазақ тілі мен әдебиет сабағында формативті бағалау

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында формативті бағалау


Азбаева Айжан Хамиевна,
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

             Қалыптастырушы бағалау — бұл оқушының оқуын бақылаудың мақсатты, үздіксіз процесі. Мен үшін формативті бағалау — бұл оқу процесінің күннен-күнге қалай жүретінін байқау процесі және бұл күнделікті бағалау. Формативті бағалауда біз әрқашан оқушымен жақынбыз, оқушы бағалау үдерісіне тікелей қатысады. Демек, ол өзінің күшті және әлсіз жақтарын бағалауға, тиімді кері байланыс арқылы келесі қадамдарды түзетуге, мотивация деңгейін және іс-әрекетке қажеттілікті арттыра алады.Мен сабақтарымда осы қалыптастырушы бағалау стратегиясын сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолданамын.
Формативті бағалау үшін не қажет?
Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;
Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек. Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты, бақыланатын, өлшемді мақсатқа жауап беру керек.Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету; Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп. Әр сабағымда сабақ соңында кері байланыс алып, мадақтап, ынталандырып, қорытындылап отырдым. Көбіне осы бағалаудың формативті түрін пайдаланып келемін. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бесбармақ», «Смайликтер», «Бағдаршам», ынталандыру мақсатында қолпаштау, мадақтау, сенім білдіру, сондай- ақ, «Кері байланыс парағы», «Мадақтау сэндвичі». Формативті бағалаудың келесі бір әдістері бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсу.Қалыптастырушы бағалау әдісін қолдану мұғалімнің бағалау жүйесінің маңызды критерийлерінің біріне айналып отыр.Қалыптастырушы бағалау әдістерін қолдану менің оқушыларыма өз бетінше жұмыс жасау, топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға көмектесті, олардың оқуға деген қызығушылығы дамыды, өзара көмек сезімі артты. Барлық сыныптарда формативті бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналды және жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес оқу жылы бойына жүйелі түрде өткізіледі.Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін ұпайсыз және бағалаусыз уақытында түзетуге мүмкіндік береді және оқуды өлшеу үшін және сабақты жоспарлауға көмектеседі .Формативті бағалау оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың мұқият жасалған критерийлерін қолдануды қамтиды. Бағалау критерийлері неғұрлым нақты көрсетілсе, оқушы тапсырманы сәтті орындау үшін не істеу керектігін соғұрлым жақсы түсінеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.