Home » Ашық сабақтар »  Спорт – денсаулық кепілі

 Спорт – денсаулық кепілі


Тұрсанова  Жұлдыз Шертайқызы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

«Әсем бөбекжай – бақшасы»
тәрбиеші

      «Шынықсаң шымыр боларсың», — дейді дана халқымыз. Қазақ халқы ықылым заманнан өзінің денсаулығына көңіл бөлген. Балаларының да, ұрпағыныңда білекті, мықты, қайсар да ержүрек болғанын қалаған.
      Осыорайда ұлттық ойындарды тілге тиек етсек болады. Қазақ халқының ұлттық ойындары тұнып тұрған спорт емес па?! Бүгінгі ұрпақ санасына осыны ұғындыру мақсатында сабақ барысында, сайыстар ұйымдастырып отырамыз. Балабақшада тәрбиеленіп жатқан әрбір бүлдіршіннің болашақтағы өміріне әсер етерлік ой сала алсақ деген мақсатымыз бар.
   Балалар табалдырықты аттаған бастап, бірінші сабақты жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысады. Содан соң арнайы сабақтарына кірісіп кетеді. Менің тобымда сабақ барысында өзге түсінбестіктер орын алмайды. Оларға бар білгенім мен түйгенімді үйретіп келемін. Бүлдіршіндердің білім көкжиегі биік болғанын қалаймын. Сол себептен оларға осындай сайыстарды ұйымдастырып отырамын.
Спортпен айналысқан адамда қандай жағдайлар орын алады?

  • Сергек жүреді
  • Көңілі көтеріңкі болады
  • Денсаулыққа өте пайдалы
  • Ойы жақсы жаққа бұрылады
  • Өзіне сенімді болады
  • Жеңіл қозғалады

Бала – біздің болашағымыз. Олар бізге қарап бой түзейді. Оларға жол мен жөн көрсету біздің басты мақсатымыз деп білемін. Сонымен қатар әлемді дүр сілкіндірген пандемия, індет салдарынан адамдар денсаулықтың басты байлық екенін ұғынды.
Білім саласы: Денсаулық саласы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі : Дене шынықтыру
ТақырыбыСпорт — сенің серігің!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі:  Спорттық   жарыс
Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.