Home » Мақалалар » «Жас сақшы» сыныбы ашылды

«Жас сақшы» сыныбы ашылды

Биылғы оқу жылының өз жаңашылдығымен ерекшеленіп, Алматы қаласы Алатау ауданындағы «№185 мектеп –гимназиясында» «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Мақсаты ауқым салтанатты шарада «№185 мектеп-гимназия» директоры Кержикеева Данагүл  Рысбайқызы, аудандық полиция басқармасының басшысы Байгариев Еділхан Маратұлы, ІІО-ның ардагері Чакишева Маржан Мейрамғазықызы  “Жас сақшы” полиция сыныбын құттықтап, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты тәрбиелеуде бұл полиция сыныбының ықпалы орасан зор екендігін айтып, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Ант қабылдау рәсіміне жоғары сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар комитетінің өкілдері, полиция қызметкерлері, қатысты. “Жас сақшы” полиция сыныптарын құру – Ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ол бірінші кезекте патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда оларға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл бастама ІІМ үшін полицияның кәсіби өзегін сақтаудың, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің, уақыт өте келе қалыптасқан озық дәстүрлерді насихаттаудың ерекше маңыздылығын көрсетеді. «Жас сақшылар» сыныбы  халқына қызмет ететін ержүрек, жанашыр ұрпақтың жалғасуына өз септігін тигізетініне сеніміміз мол.

     

Әлімтай Жадыра

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.