Home » Жаңалықтар » Математика еліне саяхат

Математика еліне саяхат

Алматы қаласының Білім басқармасына қарасты №131 бөбекжай-балабақшасында “Математика еліне саяхат” атты іс-шара өтті.

Бұл шара — балалардың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту , сөздік қорын кеңейту. Балалардың апта күндері, тәулік бөліктерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту. 5 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, тура және кері санауға жаттықтыру, геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру. Топпен жұмыс істеуге және өз ойын дәлелдеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталған.
    

Іс-шара барысында балалар сандарды жарыса айтып, түрлі ойындар ойнап, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Сергіту сәті орын алып, бір-біріне тілектерін білдірді.

Математика ақыл-ойды дамытады.
Бұл пән балаға логикалық, стратегиялық түрде ойланып, шешім қабылдауға үйретеді. Бала сиқырлы математика ғылымын жастайынан меңгерсе, ой толғау, дұрыс шешім жасау сынды қасиеттерді бойына жинайды.

    

Бізге бәрінен бұрын белгілі математика оқулығы – қазақтың бірінші романын дүниеге әкелген Міржақып Дулатұлының 1914 жылы Орынборда жарық көрген, бастауыш мектептің екі жылдығына арналған «Есеп құралы».

Білесіздер ме, дене жаттығуы біздің денсаулығымызға қаншалықты пайдасын тигізсе, математика да адамның ой-санасын дүниетанымын арттырады. Математиканың адам өміріне оң пайдасы өте көп.
Ал ол пайдаларын бүлдіршін бойына сіңіріп өсіру сіз бен біздің міндеттеріміздің бірі.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.