Home » Мақалалар » Жаңа оқу жылына – жаңа бастама

Жаңа оқу жылына – жаңа бастама

 Губашева Азима Зиннатқызы,
М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ директоры,
Орал қаласы БҚО

Биылғы 2020-2021 оқу жылы бүкіл елдегі белең алған  жағдайға байланысты қашықтан оқытудан басталмақ. Жаңа оқу жылын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда республикалық Білім және ғылым министрлігі электронды оқыту жағдайын, барлық мүмкіндіктерін қарастырып, қашықтықтан оқытудың ұсынымдарын дайындап берді.
Биылғы оқу жылын Оралдағы М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі 569 оқушымен бастағалы отыр. Бастауыш сыныптағы барлық 203 оқушының 138-і ата-ана өтініші негізінде кезекші топта оқитын болды. Мектепте кезекші сыныптар үшін оқу кабинеттері санитарлық талапқа сай жасақталды. Кезекші топтардағы 15 оқушыға арналған оқу парталары санитарлық нормаға сай орналастырылған. Мектептің дәлізі, әр қабаттары, оқу кабинеттері дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілді. Сабақ үзілістерінде оқу кабинеттерін желдету, кварцтеу, қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану жұмыстары жүргізілмек. Мектепте күн сайын мұғалімдердің, оқушылардың дене қызуын  өлшеуге, сыныптағы оқушылардың жағдайын бақылауға  арналған медициналық кабинет жұмыс жасайды.
Қашықтықтан өткізілетін сабақтарды Onlinе.mektep платформасында ұйымдастыру қолға алына бастады. ҚР Жалпы білім беру ұйымдарында білімді диагностикалау және өткен материалды қайталау тұжырымдамасы негізінде 25-28 тамыз аралығында дайындық жұмыстары, сынама сабақтар жүргізілді. Дайындық сабақтарында мұғалім мен оқушы платформа мүмкіндіктерін пайдалануды, сынып чатымен жұмыстану арқылы хабарлама жазу, бейнеконференцияда бетпе-бет сұрақ-жауап алу, қол көтеріп сабақ айту функцияларын қолдануды үйреніп, жаттығуда. Жаңа оқу жылына 1-11 сынып оқушыларына толықтай оқулықтар берілді. 11- сынып оқушылары да жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне байланысты жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Карантин жағдайында оқытуды ұйымдастыруда оқушыларға «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?»  жалпы республикалық сынып сағатында оқу пәндері бойынша бағалау жүйесі; интернетті қолдану ережелері, ақпараттық қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еліміздегі індеттің таралуына жол бермеуге байланысты «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» бірыңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысында жаңа оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері, жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, 1-4 сыныптардағы оқытуды ұйымдастыру , қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны туралы кеңестер берілді. Қашықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында мектебімізде қайтарымды негізінде ата-аналармен әлеуметтік аз қамтылған  отбасылардан шыққан, атаулы әлеуметтік көмек алатын, көпбалалы, толық емес отбасы балаларына мектеп балансындағы компьютерлер (моноблоктар), ноутбук, планшеттерді бөлу бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда ата-анамен келісім шарт негізінде  барлығы 58 оқушыға, 35 отбасына 28 компьютер, 5 ноутбук, 2 планшет беріліп, 13 компьютерді сатып алу процесі жүргізілуде.
2020-2021 оқу жылында мектеп бойынша аз қамтылған санаттағы 14 оқушыға бюджет есебінен киім-кешек пен оқу құралдарына 618 000 теңге бөлініп, қамтамасыз ету жұмыстары аяқтала келді. Сонымен қатар республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілерден түскен 52000 теңге ақшалай және заттай көмек аз қамтылған отбасылардың ұл-қыздарына берілді. Бұл ретте  «Сбербанк» акционерлік қоғамына, демеушілерге алғысымызды білдіреміз.
Биылғы оқу жылында мектебіміз қала мектептері арасында «Жетекші мектеп» болып тағайындалуы және қаладағы Жоғары аграрлық-техникалық колледжімен ынтымақтастық келісімшартына отыруымыздың өзі – мектеп ұжымы алдындағы үлкен жауапкершілік пен шығармашылық жұмысты ұйымдастыруды талап етеді. Сондықтан педагогтарға жүктелер зор міндеттер аз еместігін көрсетеді. Мектептің педагог кадрлары жазғы демалыстарында республикалық «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» т.б түрлі онлайн курстардан өтіп, қашықтықтан оқытуға кәсіби  білімдерін жетілдірді.
Еліміздегі жағдай тез сейіліп,  оқу жылында  табысты білімге қол жеткіземіз деген тілектеміз.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.