Home » Мақалалар » Инклюзивті білім беру — өмір қажеттілігі

Инклюзивті білім беру — өмір қажеттілігі

Мирзалиева Эльмира Бексултановна
PhD  философия докторы,
«Инновациялық білім беру және ақпарттық технологиялар»
кафедрасының меңгерушісі   «Өрлеу БАҰО»
АҚ филиалы  Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ

 Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.  Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді. Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға  тең құқықтар қағидаты көзделген. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдер мен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдар мен жабдықтау арқылы «кедергісіз   аймақтар» құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына қолдан келгенше жағдай жасалуда. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді. Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы) түрде оқуын ұйымдастыру консилиум арқылы әзірленеді. Консилиумға мектептің пән мұғалімдері, педагог-дефектологтар, психологтар қатысады. Жеке бағдарлама есту, сөйлеу, көру қозғалу мүшелері мен интеллектідне ақаулықтары бар оқушылардың танымдық мүмкіндігіне бейімдетіледі. Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізілуі, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы регламенттелуі тиіс. Бұл ұсыныстар мүмкіндігі шектеулі бар балалар оқитын бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне оқу бағдарламаларын әрбір жеке жағдайға байланысты оқушылардың білім жөніндегі талап-тілегіне бейімдеуді жүктейді. Білім беру бағдарламалары мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерде бекітілу керек. Инклюзивті білім беру жағдайында сынып жетекшілерінің рөлі де артып күрделене түседі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнаулы қолдау көрсетілуін: шәкірттердің оқу процесі аясында жұмысты ұйымдастыруына көмектесу; оңды қарым-қатынастар негізінде балалар ұжымын қалыптастырып, дамыту; ата — аналармен тығыз ынтымақтастық орнату мәселелерінің реттелуін нақ солар қамтамасыз етуі тиіс. Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Осы ретте мектептерде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Түзету сыныптарда балалардың ата-аналары мектептерге ПМПКның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту медициналық көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту үйде жүргізіледі.
Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.
Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін екі модель  қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту.
Қазақстанның білім беру жүйесінде үйде білім алушылардың негізгі бөлігі оқытудың отбасылық ортасы мен саны шектеулі мұғалімдер және арнайы педагогтердің келуін қарастыратын дәстүрлі түрде білім алады.
Шын мәнінде, үйде оқыту білім берудің басқа да түрлері сияқты міндеттерді шешеді. Дегенмен, мектеп жағдайында оқытатын дәстүрлі түрден
ерекшеленетін оқытудың бұл процесінде берілген ұсынымдарда айқындалатын едәуір күрделі өзгешеліктер бар.
Әдістемелік ұсынымдарда негізгі ұғымдарды бір мәнде талқылау үшін денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру салаларындағы заңнамалық-нормативтік актілермен сәйкес келетін терминологиялық аппарат қолданылды:
мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) — бұл белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болған жарақатына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және (немесе) дене дамуында ауытқушылығы бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар);
мүгедек бала — тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына,  кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
даму мүмкіндігі шектеулі балалар: есту қабілеті бұзылған (естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар); көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған); тірек-қозғалыс аппараты бұзылған; сөйлеу тілі бұзылған; ақыл-ой кемістігі бар; психикалық дамуы тежелген; эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған; күрделi  бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балалар;
ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) — денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
дене кемiстiгi – ағза мүшесінің (мүшелері) дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететін созылмалы бұзылуы;
психикалық кемiстiк — адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой кемістігі; психикалық дамуының тежелуi және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзiндік қиындықтар;
медициналық-әлеуметтiк сараптама — организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;
психологиялық тексеру – мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық жағдайының ерекшелiктерi мен психикалық дамуындағы әлеуеттiк мүмкіндіктерін анықтау;
педагогикалық тексеру– тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн     ескере    отырып,    балалардың     ақыл-ой     жағынан    даму
ерекшелiктерiн  және  олардың  ойын  ойнауға,  бiлiм  алу  мен  қарым-қатынас жасауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;
білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
арнайы білім беру бағдарламалары – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған бағдарламалар;
оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.