Шерьязова Мендигуль Матаевна
Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
№2 «Жұлдыз» балабақшасысының
тәрбиешісі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Көңілді саяхат».
Мақсаты: жыл бойы алған білімдерін бекіту.
Міндеттері:
Білімділік: қойылған сұраққа толық жауап беруге, дыбыстық артикулацияны толық айтуға және мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Берілген тапсырманы мұқият тыңдап орындауға, ойын арқылы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздік қорларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, мейірімділікке, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, саяхат, Синквейн технологиясы, көрнекілік, тақпақ, жұмбақ, АКТ.
Көрнекіліктер. Слайд, үй жануарлары төлдерімен суреттері, жыл мезгілдері, Синквейн карточкалары.
Үш тілдік: Көліктер — Транспорт- Transport. Көктем — Весна — Spring (Сприң)
Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын келген қонақтарға аудару және олармен үш тілде амандасу. Сәлеметсіздер ме. Здравствуйте. Hello (Хеллоу).
Шаттық шеңбері .
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Балалар, тыңдаңдаршы біреу біздің есікті қаққан сияқты. Бұл кім болуы мүмкін, әлде бізге тағы қонақ келе жатыр ма екен?.
Дымбілмес:
Музыка ырғағымен кейіпкер кіреді.
Дымбілмес балалармен үш тілде көңілді амандасады.
Балаларда амандасады.
Дымбілмес. Балалар, мен сендерді саяхатқа шақыра келдім. Онда өте қызықты және сендердің не үйренгендерді білгім келеді.
Тәрбиеші. Бізде саяхатқа шыққанды жақсы көреміз. Балалар, айтыңдаршы саяхатқа немен шығуға болады.
Балалар жауабы. Автобус, пойыз, ұшақ, кеме, қайық, машина, велосипед, жаяу жүріп.
Тәрбиеші. Дұрыс айтасыңдар. Ал автобус, ұшақ, кеме, пойыз, машина, велосипед оларды бір сөзбен қалай атауға болады.
Балалар жауабы. Көліктер — Транспорт- Transport (Транспот)
Дымбілмес. Ал ендеше саяхатқа дайынсыңдар ма?
Балалар. Иә.
Жүргізуші. Балалар сендер қандай мультфильм түрлерін білесіңдер.
Балалар жауабы: Фиксики, Маша мен аю, Барбоскин, Свинка Пеппа, Үш мысық, (Три кота) Лунтик, Смешарик (Көңілді шарлар).
Жүргізуші. Балалар біз бүгінгі саяхатымызда бірнеше көлік түрін қолданамыз. Бірінші пойызбен жүріп барайық. Ендеше менің артымнан тұрып, пойыз жасайық. Міне, бірінші мултьфильм әлеміне келіп жеттік. Балалар, бұл мультфильм қалай аталады.
Балалар жауабы. «Лунтик».
1-слайд. Лунтик мультфильм кейіпкерлері көрсетіледі.
Тәрбиеші. Балалар, бізге Лунтик мультфильмі мынадай тапсырма ұсынып отыр.
- Жануарлар неше бөлінеді?
Балалар: Жануарлар екі топқа бөлінеді. (дала жануарлары мен үй жануарлары болып бөлінеді).
- Үй жануарларын атап беріңдерші?
Балалар. Үй жануарлары; сиыр, жылқы , қой, ешкі, түйе, ит, мысық).
- Д/ ойын. «Төлдерін тауып, атап орналастыр» .
(Сиырдың төлі — бұзау, қойдың төлі – қозы (қошақан), ешкінің төлі — лақ, жылқының төлі – құлын (құлыншақ), мысықтың баласы — марғау, иттің баласы – күшік).
- Олар қалай дыбыс шығарады?
Балалар үй жануарлары қай дыбыс шығаратын келтірейік.
Мысалы. Сиыр: м — дыбысына ө — дыбысын қосып мө ө ө ө деп созып мөңірейді.
Қой: м – дыбысына ә – дыбысын қосып мә ә ә ә деп созып маңырайды.
Ешкі: м – дыбысына е – дыбысын қосып ме е е е деп созып маңырайды.
Ит: а дыбысы мен ф дыбысын қосып аф аф аф деп үреді.
Мысық: м дыбысына я мен у дыбыстарын қосып мяу у у деп мияулайды.
Тәрбиеші. Өте жақсы, Лунтиктің тапсырмасын жақсы орындадық. Саяхатымызды әр қарай жалғастырайық. Енді велосипедпен шығайық.
Балалар біз велосипедті қалай тебеміз. Ал кеттік. Міне тағы бір мультфильм әлеміне тап болдық. Бұл қандай мультфильм, кім айтамын дейді.
Балалар жауабы. Барбосик мультфильмі.
2-слайд. Барбосик мультфильм кейіпкерлері көрсетіледі.
Тәрбиеші. Балалар, Барбосик мультфильмі бізге мынадай тапсырма ұсынып отыр.
- Бір жылда неше мезгіл бар соны атап, суреттен көрсетіп беріңдер?
Балалар жауабы: Бір жылда төрт мезгіл бар. Көктем, жаз, күз, қыс тақтадағы суреттен көрсетеді.
- Қазір бізде қандай жыл мезгілі? Көктем — Весна — Spring (Сприң)
- 3. Көктем айлары қалай аталады? Наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктем туралы тақпақ айтып беріңдер?
Абильмансур
Жасыл көктем келеді,
Самал жел соғады.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы жауады.
Айзере
Күн нұрын шашады,
Бүршік жарып ағаштар,
Құстар келіп, ұя салып.
Сылдырлайды бұлақтар.
Асанәли
Бүршік шашып, жапырақ ашып.
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Тәрбиеші. Балалар, Барбосиктің тапсырмасын да өте жақсы орындадыңдар. Саяхатымызды әрі қарай бой жазып жаяу жүріп жалғастырайық. Көңілді әуенмен қимылдар келтіреді. Балалар қандай мультфильм әлеміне тап болдық.
3-слайд. «Маша мен аю» мультфильм кейіпкерлері көрсетіледі.
Балалар жауабы: «Маша мен аю» мультфильміне.
Тәрбиеші. Дұрыс, ендеше Маша мен аю мультфильмінің тапсырмасы мынадай.
1-тапсырма. Жасырған жұмбақтың шешуін табыңдар.
- Қаймаққа иледі, майға пісірді.
Терезе алдында суытты.
Бұл қандай ертегі?
Балалар. «Бауырсақ» ертегісі деп жауап береді.
- Ата жарды жара алмады.
Әже жарды жаралмады.
Тышқан құйрығымен қағып кетті. Бұл қандай ертегі?
Балалар жауабы. «Шұбар тауық» ертегісі.
- Ата көмекке әжені шақырады.
Әже немере қызды шақырады.
Немере қыз күшікті шақырады. Бұл қандай ертегі?
Балалар жауабы: «Шалқан» ертегісі.
- Аналары орманға кеткенде.
Оларға ешкімге есік ашпаңдар деп тапсырды. Бұл қандай ертегі?
Балалар жауабы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
- Анасы қызына әжесіне,
Самса мен қатық апарып беруін өтінді. Бұл қандай ертегі?
Балалар жауабы: «Қызыл телпек».
Тәрбиеші. Балалар, сендерге осы ертегілер ішінен қандай ертегі ұнайды?
Балалар жауабы. Өз ойларын айтады.
Тәрбиеші. Ал, Дымбілмеске қандай ертегі ұнайды екен.
Дымбілмес: Менде ертегілерді көргенді ұнатамын. Соның ішінде сүйікті ертегім Бауырсақ.
- Тапсырма. «Бауырсақ» ертегісіндегі Бауырсақ сөзіне Синквейн құрастырып беріңдерші?
Не? «Бауырсақ»
Қандай? Домалақ. Сары.
Не істейді? Домалайды. Әндетеді. Қашады.
Сөйлем. Түлкі бауырсақты жеп қояды.
Синоним. Кейіпкер.
Тәрбиеші. Балалар, Маша мен аюдың да тапсырмаларын жақсы орындап беріңдер.
Дымбілмес: Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
Балалар жауабы. Иә, ұнады.
Тәрбиеші. Ал, енді бақшаға оралатын кезде келіп жетті. Бақшаға тез жету үшін бәріміз ұшақ болып ұшып барайық.
Дымбілмес. Балалар сендермен саяхатқа шыққан өте ұнады. Сендер көп біледі екенсіңдер. Мен көп нәрсе үйрендім. Көп рахмет. Бізге Бауырсақ ертегісіндегі ата мен әже тәтті бауырсақ пісіріп беріп жіберіпті. Менің де қайтатын уақытым келді. Қош сау болыңдар. До свидания. Goodbye (Гудьбай ).
Қонақтармен де қоштасады. Қош сау болыңдар. До свидания. Goodbye (Гудьбай