Home » Поэзия » Мұқағалимен сырласу

Мұқағалимен сырласу

Ойларымнан өткен ғасыр бір кетпейтін,
Тартып мені барады ілмектей мұң.
Мұқағали, мен сені сағынамын!
Поэзияның ақ парағын кірлетпейтін!

Кейде қызғылт,
Жарықсыз түнектеймін,
Сендей жанды көрмесем де, құрметтеймін!
Өртеніп жатқан өлеңіңді оқығанда,
Ей, Мұңдасым!
Поэзиядан көрінетін бір беткейің!

Сырлар көп өлеңіңде ашылмаған,
Көп адамға жетпеген, шашылмаған.
Ей, Мұқа!
Мен сенен айтшы, немді жасырамын?
Сен тұрсаң поэзияңды жасырмаған!

Мейлі, маған бәрібір,
Талсын қол, талсын қалам,
Сені ұмытып қырылып қалсын далам,
Мен сені өле-өлгенше ұмытпаймын,
Естен кетіп, ұмытып жатсын балаң.

Жаңбыр жауса, шатырға тарсылдаған,
Мен сені сол бір сәтте есіме алам.
Өткен күнге қайтып, саған жетер едім,
Мені көріп таңырқап қалсын ғалам!

Тыңда мені, бәрі егер тәмәм болса,
Мына адамзат ұнамсыз, жаман болса.
Ей, Ақыным!
Іркілмей жанымды емде,
Егер келіп жан емдер шамаң болса!

Түсінемін, қанша рет түнердің сен,
Құшағына ендің қанша гүлдердің сен.
Ей, Ақиық!
Сенде сірә, арман да жоқ!
Поэзияңды бізге беріп үлгердің сен!

Мен білемін, сен әлі жанымдасың!
Отырмын мен екі жүрек жарылғасын.
Тағы мені түртіп жібер, басты бұрып,
Қаламдасың жолыңнан жаңылмасын!

Шетке ығысып, жүрегім тарыққанда,
Жалыққанда мына өмірден жалыққанда,
Оқып көрші, қалам берем қолыңа,
Өлеңіме қойып кетші, салып таңба!

Жету керек бір қырға, жыр асар да.
Күллі ішіңді өртеген сыр қашар ма?
Өлеңдерін жан тәніңді беріп оқы,
Ақиық Мұқамызбен сырласарда!

Мейлі маған жабылып,сын атыңдар,
Жабырқатып, жұмылдырып, жылатыңдар.
Мен бәрібір сынбайтын Мұқадаймын,
Сынар өзі сорланып сынатындар!

Өлеңімен мына өмірді жығатындар,
Менің де ақын деген шын атым бар.
Шабыт келсе шаңын жұлқып қағып алар,
Шыңы биік поэзияда тұратындар.

Жанартаулар жарылып жыр атыңдар,
Құздар қане жартасты құлатыңдар.
Мұқағали, есіңде мәңгі сақта,
Ұмытпайтын сені де бір ақын бар!

Ол — мен!
Өзіңнің қаламдасың,
Өзіңді ойлап отырм, өлең жаңарғасын,
Жолыңды сенің жалғыз жалғап барам,
Ажал келіп сенен де, жан алғасын.

Менен де біреу келіп қан алмасын,
Мұңдарым күллі жанға таралмасын.
Тек ұмытпа! Мұқағали есте сақта,
Сен ақынсың! Өлең үшін жаралғасын!

 

Авторы: Тұрарбек Мерей Қайратбекұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.