Home » Балабақша » Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары тақырыбында семинар өтті

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары тақырыбында семинар өтті

Бүгін, Алматы қаласы Білім басқарамасына қарасты № 82 бөбекжай-балабақшасында қонақта болдық. Жалпы, балабақшада сегіз топ бар, оның төрт тобы қазақ тілді болса, төрт тобы балаларға дәріс пен тәрбиені орыс тілінде береді екен.
Бүгін бұл балабақшада «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» тақырыбында ауданның музыка жетекшілеріне арналған іс-шара өтті.

Шымылдықты аталмыш балабақша меңгерушісі Иманбекова А.Д. алғы сөзімен ашты. Алдымен монитордан балабақша тәрбиеленушілерінің Ықылыс Дүкенұлы атындағы халық-аспаптар мұражайына барған бейне көрініс көрсетіліп, одан әрі мектепалды «Ақбота» тобымен музыка жетекшісі Г.Н. Мулдиярованың бүгінгі тақырыпқа сай дайындалған еңбегі ел назарына ұсынылды.
  

Бүгін бүлдіршіндердің Ұлттық аспаптарды жатқа біліп, құрылымдарын жетік меңгергендігінің куәсі болдық. Олар: жетіген, сыбызғы, домбыра, қыл-қобыз тағы да басқа ұлттық аспаптар түрлеріне тоқталып, жан-жақты таныстырып берді. Кіп-кішкентай балалардың бір ғана домбыра туралы берген мәліметін тамашалап таңқаларсың, мысалы домбыра екі шекті, үш шекті, қос жақты, кең шанақты және шіңкілдек деп аталатын түрлерінің бар екендіктерімен көпшілікті таныстырды. Тағы сол сияқты үрмелі аспаптарға да тоқталды. Мысалы: Асатаяқ — үні ерекше, бұл аспапты ырғап-шайқап ойнайды. Қазір бұл аспаптың көне үлгілері қайта жасалынып ұрмалы аспаптар тобына қосылғандығы жөнінде мағұлмат берілді. Қонақтар балалардың білімпаздықтары мен ұлттық құндылыққа деген қызығушылықтарын аңғарып риза болды.
Іс-шара барысында балаларды сергіту мақсатында дауыс жаттығуы ойнатылып, «Қасиетті домбыра» әні шырқалды. Сонымен қатар, шулы көрермендерге оркестр шығармашылығы өнерлері көрсетілді. Әсіресе бүлдіршіндердің «Домбыра құрастыру» дидактикалық ойыны әсерлі болды. Тәрбиеленушілер ұлттық аспаптармен әсем ән айтып, мың бұралып би биледі. Балардың ата-аналармен бірігіп қалдық заттардан жасаған ұлттық музыкалық аспаптар көрмесін тамашаладық.

   

Қанатымыздың астындағы балаларымыздың білімді, парасатты, ұлтжанды тұлға болып қалыптасулары біз үшін үлкен мәртебе. Бала тәрбиесі оның ішінде ұлттық тәрбие беру деген үлкен еңбекті талап етері сөзсіз. Бүгінгі өткізіп жатқан іс шарадан баланың да өзіміздің де аларымыз мол. Балабақша ұжымы Ұлт болашағы үшін тер төгуде. Басты мақсатымыз ертеңгі ұрпақ ұлтын сүйетін азамат болып қалыптасуы. Бүлдіршіндеріміз біз бойына сіңірген ұлттық тәлім-тәрбиеге лайықты болып өседі деп сенеміз дейді, — балабақша меңгерушісі. А.Д Иманбекова.
Іс-шара соңында жиналған қонақтар ойларын ортаға салып, іс- тәжірибелерімен бөлісті және балабақша меңгерушісі мен ұжымына өз алғыстарын білдірді.

«BILIM AINASY»
Жұлдызай Елеусізқызы
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.