Home » Жаңалықтар »  Өз жұлдызыңды жарқырат

 Өз жұлдызыңды жарқырат

24 сәуір күні Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Түрксіб аудандық Білім бөлімі мектепаралық жас педагогтер байқауын өткізді. Жас педагогтердің білім сайысы № 203 мектепте өтті. Оған аудан бойынша 15 мектептен 18 жас маман қатысып бақ сынасты. Ұстаздық жолға түскен жас мұғалімдердің өз мамандықтарының қыры мен сырын меңгеру деңгейі мен білім қарымын сараптауға Түрксіб білім бөлімінің
әдіскері Бейқұт Аружан Қанатқызы, Түрксіб аудандық «Ұстаз» мұғалімдер кәсіподағы ұйымының төрайымы  Бекторазова Бижамал Зейнуллақызы, «Өз жұлдызыңды жақ» деп аталатын қалалық конкурстың 2 орын иегері Құдайберген Арайлым Мелсқызы, қалалық «Алматы ұстазы» конкурсының 2 орын иегері Бейсебаева Сәуле Ильшатқызы, қалалық «Адал ұстаз» конкурсының Гран – При жүлдесінің иегері Исламова Айгерім Тоқтаржанқызы, «Педагогтердің ақыл-ой сайысы» фестивалінің 3 орын, «Алматы ұстазы» қалалық конкурсының 3 орын, «Өз жұлдызыңды жақ» қалалық сайысының 1 орын иегері Мұсатай Амангелдіұлы Есенгелді әділқазы алқасында төрелік жасауда.

Конкурс өткізудегі басты мақсат,  жас  ұстаздардың кәсіби шеберлігін сынау арқылы  олардың біліктілігін  жан-жақты арттырып, іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға баулу екен.

   

Конкурсты ашып сөз сөйлеген Түрксіб аудандық білім бөлімінің әдіскері Бейқұт Аружан Қанатқызы, «Мағжан Жұмабаев, «Алты алаш бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі» деп бекер айтқан жоқ. Себебі, күллі адамның сауатын ашып, санасын қалыптастыратын мұғалім. Мұғалім сыйлы болды. Қазір де бұл сөз өз құнын жоғалтқан жоқ. Сондықтан бүгінгі мұғалім тек сабақ өткізіп қоймай, өзі де жеке тұлға ретінде кемел адам болуы шарт. Өзін тұлға ретінде қалыптастыруға талпынуы керек. Алдыңдағы баланың таланты ашылуы тікелей мұғалімге байланысты. Қазіргі заман баласының ой-санасы тез дамуда. Олар ғаламтор арқылы барлық ақпаратты өздері көріп-біліп отыр. Оқушыларды өз пәніңе тарту үшін, сол пәнді түрлі әдіспен қызықты етіп, біліммен нәрлендіріп жеткізе білу мұғалім үшін басты міндет. Осы орайда, жас мұғалімдер ұстаздық қызметтің қыры мен сырын меңгерумен қатар, өз ісінің шебері етіп қалыптастыру біздің қоғам алдындағы міндетіміз. Мұғалімдердің білім сайысын өткізудегі басты мақсатымыз осы», — деп ол қатысушыларға сәттілік тіледі. № 203 ЖББМ КММ директоры Дайрбаева Расима Султаналиевна да «Өз жұлдызыңды жақ» конкурсының шартқа сай өтуіне жан жақты көмегін аямауда. «Жас мамандар» гимнін шырқаумен басталған конкурс қызықты да тартымды өтуде. Мектеп оқушылары өз ұстаздарына арнап «Ұстазға арнау» айтып, игі тілектерін білдірді.

   

18 жас мұғалім қатысып бақ сынасып жатқан «Өз жұлдызыңды жақ» конкурсы 4 тур бойынша өтіп жатыр. Бас жүлдеге талпынған жас мамандардың білім деңгейі жұртты таңқалдыруда. Білім сайысы тартысты өтуде.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.