Home » Жаңалықтар » Туляремия ауруының алдын алу

Туляремия ауруының алдын алу

«Туляремия ауруының алдын алу»

Туляремия-қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, зоонозды жедел инфекциялық ауру.

Аурудың көзі – жануарлар: кеміргіштердің әртүрлі тобы: сұр тышқан, үй тышқаны, егеуқұйрықтар, оңдатра, қояндар.

Қала адамдары аңға, балық аулауға шыққанда ауру жұқтырады. Туляремия ауруына бейімділік жоғары. Бір рет ауырған адамда тұрақты иммунитет пайда болады.

Таралу механизмі:

  • контактілі, қарым-қатынас арқылы (зақымдалған тері жабыны, шырышты қабат арқылы).
  • тағам арқылы
  • ауа-шаң
  • трансмиссивті (кене тістесе немесе маса шақса)

Клиникасы:

Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, кейде 10 күн болады. Интоксикациялық симптомдар: қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, бұлшық еттердегі ауырсыну (аяқ, бел, арқа бұлшық еттері), ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, құсу. Науқастың беті, көз конъюктиві қызарады.

Туляремияның алдын алу — сақтану үшін мынандай ережелерді сақтау қажет:

  • Кененің киімнің ішіне кіру мүмкіндігін азайтатын киім кию;
  • Киімге жабысқан кенелерді анықтау үшін өзін әрбір 10-15 минут сайын үнемі қарап отыру;
  • Табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығу;
  • Кәсіпорындарында, тұрғын үй-жайларда, бау-бақша учаскелерінде кеміргіштермен күрес жүргізу (тұзақтарды, уланған жемдерді пайдалану);
  • Кеміргіштердің тістеуінен сақтану, арнайы қолғаптарды кию;
  • Кенеге, масаға қарсы арнайы құралдарды пайдалау қажет.

Қазіргі уақытта вакцинация туляремияның алдын-алудың негізгі тәсілі болып табылады.

Халықты туляремияға қарсы жоспарлы профилактикалық вакцинациялау:

  • Зоопаразитологиялық топтың, туляремия қоздырғышының болуына сынамалар алуды, зерттеуді жүргізетін зертханалардың мамандарына;
  • Жайылмалы-батпақты, тау бөктеріндегі бұлақ типтердегі табиғи ошақтар мен тұрақты резервация аймағының тұрғындарына;
  • Туляремияның нақты табиғи ошағында тұратын адамдарға;
  • Тәуекел тобына жататын адамдарға: аңшыларға, балықшыларға, бағбандарға, егіншілерге, маусымдық және вахталық әдіспен тоғай, дала типәндегі табиғи ошақтарда жұмыс жасайтын адамдарға жүргізіледі.

Алатау ауданының  санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы
Г.Макулбекова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.