Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту-заман талабы

Қашықтықтан оқыту-заман талабы

Мен Конисбаева Айнур Сагатовна бастауыш сынып мұғалімімін.Дәл қазіргі кезең –мен үщін жаңа заман ретінде жаңа дағдыларды игеру,жаңа идеяларды ойлап табу,яғни жаңару кезеңі десем де болады.Себебі қазір қашықтықтан оқытудамыз.

Қашықтықтан оқыту-заман талабы,уақыт сұранысы!Демек ұстаздар қауымы үшін шығармашылық шеберліктерін шыңдап,кәсіби дамуда білімдерін жетілдіруге керемет мүмкіндіктер кезеңі келген секілді.Қазіргі қашықтан оқыту барысында мұғалімдерге зор сенім артылуда.Себебі оқыту процесін іске асыруда мұғалімнің атқаратын рөлі орасан зор. Қашықтықтан оқыту барысында  мұғалімнің негізгі міндеті-сабақтың мақсатын қою,білім,тәжірибелерді беру,ұйымдастыру қызметі,оқу процесін бақылау.Яғни,мұғалім сабақтың құрылымын бұрынғыдан өзгеше,мүлдем басқаша формада дайындап,оны қашықтықтан оқыту білім беру жүйесімен астастырып  бейімдейді,оқу үдерісінің  барысын қадағалап,тапсырмаларды тексеріп,бағалайды.

Қашықтықтан оқыту бойынша жұмыс жасайтын мұғалім оқытудың жаңа технологиясын,ақпараттық-коммуникациялық құралдарды шебер әрі ұтымды қолдана білуі қажет.Мұғалімдердің қашықтықтан оқыту бойынша сауаттылығын арттыруға бағытталған республика көлемінде жүргізіліп жатқан әдістемелік вебинарлардың көмегі өте зор деп есептеймін.

Қазіргі таңда ТВ технология негізінде  қашықтықтан оқыту жүзеге асырылып,елордасы  Нұр-Сұлтан қаласындағы әріптестеріміз теледидар арқылы күнделікті оқу сабақтарын жүргізсе,қалған мұғалімдер сол берілген білімді қашықтықтан оқыту  жүйесінің чаттарында,бейнеконференциялары арқылы толықтыруда.

Білім берудің бүгінгідей міндеттерін рухани бай,педагогоикалық дарыны бар,кәсіби дамуға ұмтылатын,бәсекеге қабілетті,жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алары сөзсіз.

Ендеше, барлық ұстаздар қауымына шығармашылық табыс,шалқар шабыт тілеймін!

Маңғыстау  облысы,
Ақтау қаласы «№12 ЖББОМ» КММ,
 бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.