Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
“№8 жалпы білім беру орта мектебі” КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Аксакова Айтолған Машырыковна
Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда.
Елімізде соңғы болып жатқан оқиғалар COVID-19 індетінің таралуы бүкіл адамзатты әуреге салды. Соның ішінде ең үлкен өзгеріс мектептер мен жоғарғы оқу орындарын, коледждердің қашықтықтан оқытуға көшуі болды. Бұл күтпеген қиын жағдай оқушы, ата-ана, мұғалім үшін де қиындық туғызғаны анық.
Дегенмен де ұстаз шәкірті үшін бар білгенін аямайтын жан емес пе?! Осындай қиын кезеңде ештеңеге қарамастан алға қарай қадам жасады. Ата – анаға қашықтықтан білім алудың түрлі жолдарын (Zoom, TeIegram,WhatsApp, Daryn.onIine) желілерін түсіндірді. Алғашқы аптада дүрлігу, қобалжу жауабы жоқ сұрақтар, ата-ананың алаң көңілін басуға тырысқан әрекеттер, қарсылықтар мен қолдаулар барлығы артта қалды.
6 сәуірден бастап мектептерде қашықтықтан оқыту сабақтары басталып кетті. Осындай қиын кезеңде ата-аналар да “Біз біргеміз” деп балалары үшін қолдарынан келген жағдайларды жасады. Сабақ “Балапан телеарнасынан және де ұстаздар WhatsApp желілері арқылы жаңа сабақтар түсіндірілді.
Ата-ана баласының білімге деген, оқуға деген ынтасын, сағынышын көрді. Баласының сабаққа қатысып ұстазынан “жарайсың” “өте жақсы” деген кері байланысын көріп баласымен бірге қуанды. Орта деңгейде оқитын оқушылардың ата-аналары да баласымен бірге сабақ оқыды. Өз баласын жақсы оқитын балаларға ілесуіне ат салысып отырды.
Бұрын жұмыс деп үй шаруасы деп баласына көңіл бөле алмайтын ата-аналар карантин уақытында ұстазбен, балалары мен қарым — қатынасты күшейтті. Ата-ана мен ұстаз арасында байланыс орнады. Үштік одақ яғни: ата-ана, бала, оқушы арасында бірлескен жұмыс атқарылып келеді.
Ата-ана, оқушы жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана бастады. Компьютерлік техника және электрондық жаңа оқыту әдістерін іздену пайда болды.
Қашықтықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтерді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырды, ата-ананың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертті.
Әлеуметтік желілерде ұстаздар атына алғыстарын айтып жатқан небір пікірлер, роликтер тарап кетті. Бұл ретте ұлағатты ұстаздарымызға алғысымды білдіргім келеді! Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сенемін!