Алматы қаласы,
Алатау ауданы
№114 жалпы білім беретін мектебінің
математика пәні мұғалімі
Сақтапбергенова Бағдат Айтуғанқызы
…Мен сенемін жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
М.Жұмабаев
Қазақтың дарынды ақиық ақыны, педагогы М.Жұмабаев ағамыз «Мен жастарға сенемін!» деп келешек ұрпаққа үлкен сенім артқан еді. Мағжанның жыры қазақ жастарына жігерлі рух, қайраттылық берді. «Мен жастарға сенемін» өлеңі жай оқып, жаба салатын өлең емес, өлеңнің тәрбиелік мәні зор. Ақиық ақынның бұл өлеңінде нағыз қазақ қандай болу керек екендігін, түп-тұлғасын айқын суреттеген. Алғаш Мағжан ағамыздың осы өлеңін қолға алып оқығанымда, қайтсем де, алға қойған мақсатыма жетем деген үміт жетелеп, қазіргі таңда сол үмітімнің шығар шыңының бастапқы баспалдағындамын. Өзім армандаған мамандығымның иесі атанғаныма шамалы уақыт та болып қалды. Иә, мен ұстазбын, Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты, №114 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімімін, жас ұстаз болсамда, бар оқып-түйгенімді, алдымда моншақтай, өрімдей болып отырған шәкірттерімді білім нәрімен сусындату бар арманым, және осыған бар күш-жігерімді салудамын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» демекші, ертеңгі елдің болашағы – бүгінгі жастарды тәрбиелеудемін. Себебі, мемлекетіміздің жарқын болашағы, еліміздің ертеңі білімді де, білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы тұста Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер», — деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін «тайға таңба басқандай» айқындады.
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру – қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі. «Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауына айналады» демекші. Ең алдымен жас келешек ұрпаққатәрбие берілуі тиіс. Себебі тәрбие берместен еш білімді қондыра алмаймыз. Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады – деп кемеңгер басшымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай бүгінгі жастар бұрынғылармен салыстырғанда өзгешелеу. Атап айтсақ адами құндылықтары бөлектеу. Жастардың тұлғалық сипаты жаскезінен бастап қалыптасады. Тәрбие – отбасынан басталады дей келе осы тұста ата-ананың шешуші, маңызды рөл атқаратынын айта кеткен жөн.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз, жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан біздер жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керекпіз. Санасы зергек, замандық технологияларды меңгерген Қазақстанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтарға төтеп бере алмақ. Біз ұстаздар қауымы жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге білімімізді аянбай берудеміз.
Кейінгі кездері «бүгінгі жастар – ертеңгі елдің болашағы» деген сөздерді жиі естиміз, ендеше сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізбен тікелей байланысты. Мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып кетпейік десек әрбір ұстаз алдына келген әрбір шәкіртіне болашаққа деген үлкен сенім ұялата білуі керек деген ойдамын және де ұстаз ретінде мен де жастарға үлкен сенім артудамын.
Өтғ керемет жазылған топ топ топ