Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы,
Шоғы Мұңалұлы атындағы
№5 орта мектеп, география пәні
мұғалімі Кудратуллаева Наргиса Мухамадиллаевна
Елімізде төтенше жағдай жарияланып, мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқуға тез арада көшуге мәжбүр болды. Еліміздегі орта мектептер IV тоқсаннан бастап мектеп бағдарламасы бойынша мемлекеттік телеарналар, Қазақ радиосы арқылы сабақтар өткізіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігі қашықтықтан оқытудың нәтижелі әдістерін белсенді түрде қолданып бастады. Әрине, дәстүрлі оқу үрдісінің өзгеруі елімізге ауыр жағдай болды. Қашықтықтан білім беруге ерікті түрде келу бір бөлек болса, мәжбүрлі түрде оқыту бір бөлек екені анық. Осы қалыптасқан қашықтықтан оқыту барысында көптеген қиындықтар мен кемшіліктер туындады. Бұл кемшіліктерді мектеп басшылары мен мұғалімдер тарапынан ата-аналарымен тығыз психологиялық-педогогикалық түсінік жүргізіліп тығыз қарым-қатынаста болуда. Тұындаған қиындықтар біртіндеп шешімін табуда. Каринтин кезінде ата-аналар баласымен сабақ оқып, сауат ашып, бір-бірімен жақын болып және көп уақытты бірге әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік болды.
Қашықтықтан оқыту кезінде байбалам сала берген дұрыс емес. Керісінше, карантин кезінде қашықтықтан оқыту бұл – гаджетті бәрінен жақын тартып кеткен қоғам үшін бала тәрбиесіне мән беруге берілген мүмкіндік деп түсініп, жақсы бағытқа тартуға тырысу керек. Ата-ана тарапынан балаға оқуға деген ынтасын артырып, оң көз қараспен қабылдауы қажет.
Тезірек алтын ұя мектебіне оралатын күнді сағынып жүрген барлық оқушылармен қауышып дәстүрлі сабағамызға амандықта жете берейік. Елімізде қалыптасқан қиын жағдайда мұғалім, ата-ана, оқушы бірге болып, бір-бірімізге қолдау жасау керек. Бізбен бірге болған және түсіністікпен қараған ата-аналарға алғысым шексіз.