Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Елбасының жолдауында былай деген:
«Біз білім беруді жалғастыруды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс».
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол оқу бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді және оқушымен кері байланыс жасау арқылы жүзеге асатыны белгілі .
Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы керек деген қағидамен Алматы қаласы Түрксіб ауданы №31 жалпы білім беретін мектеп ұжымы қашықтықтан оқыту жұмысына жұмыла кірісіп кетті. Мұғалім, оқушы ,ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасап алғашқы апталарды артқа тастап жұмыстарын қарқынды түрде жұмыс жасап жатыр. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты деп ойлаймын.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің журналистерге берген сұхбатында айтқандай
Бұл ретте ұлағатты ұстаздарымызға алғысымды білдіргім келеді! Қиын кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдер жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруды жалғастыруда. Еліміз мұндай кәсіби деңгейдегі мамандарымен мақтана алады.
Мен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сенемін деп ұстаздарға үлкен сенім білдірген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке айтар алғысымыз шексіз.
№31 Ж.Б.Б. мектебінің математика
пәні мұғалімі Ж.С.Уйсинбаева