Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
«№11 жалпы білім беру орта
мектебі» КММ. Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Мыжыкова Ольга Байрамгелдіқызы.
Біздің елімізде ғана емес бүкіл әлемде болып жатқан төтенще жағдайға байланысты 6-Сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану да оқытушының рөлі арта түсуде және өзгеруде. Қашықтықтан оқытуда күндізгі бөлімде оқытылатын материалдар қолданылады.
Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуда. Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушы мен оқушы және ата-ананың атқарар рөлі орасан зор. Оларға әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктелді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді.
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. Бейне сабақтар қазақ тілінде «Balapan» телеарнасынан, «Telegram», «WhatsApp», «Kundelik kz»., «Mektep.edu kz»., «Daryn online»., арқылы жүргізіледі. Электрондық оқулық арқылы оқытуды ұйымдастырудың «қызметтік түйіні» болып табылады. Білім алу үшін кез-келген әдіс тиімді. Мұғалімдерге де вебинарлар ұйымдастырылған, яғни ол – интернет желілерінің көмегімен онлайн түрде семинар, презентация, дәріс, тренинг, кеңестердің нақтылы уақыт режимінде қатыса алады.
Қашықтықтан оқыту айтарлықтай оңайға түсіп тұрған жоқ, бірақ, қазірдің өзінде нәтиже бар деп айтуға болады. Қашықтықтан оқыту — қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан білім алу үрдісі.
Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 24/7 режимінде білім алу мүмкіндігі. Ұтқырлық – оқу кезеңінде мұғалімдерден тиімді кері байланыс. Оқушылар білім беру ортасына толығымен енуіне мүмкіндік береді – дәріс оқып тыңдау, тапсырмаларды орындау, мұғалімдермен кеңесу және желіге қосылу арқасында сыныптастарымен сөйлесу. «Қашықтықтан оқыту» түсінігі оқушы мен мұғалім арасындағы қашықтықтың бар екенін көрсетеді.
Қорыта айтсақ: Ұлы кемеңгер, ойшыл Абай атамыздың нақыл сөзі «Үш-ақ нәрсе адамның: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» — деген сөзі қазіргі үштікке «МҰҒАЛІМ – ОҚУШЫ –АТА-АНА» айтылғандай.
Көп нәрсені бастан өткіздік және бұл да өтіп кететіне сенеміз. Бізде бәрі жақсы! «Біз үйдеміз, біз біргеміз! — дегім келеді.