Алматы қаласы, Алатау ауданы,
№171 жалпы білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Солтанбекова Алия Алимбековна
«Ұcтaздық еткен жaлықпac, үйретуден бaлaғa» — деп Aбaй aтaмыз aйтқaндaй, ұcтaз еңбегiнiң қыр – cыры мол, қиын дa жaуaпты, шығaрмaшылық еңбек екендiгiн бaршaмыз мойындaймыз. Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға — ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз.
Елімізге төтенше жағдай мен карантин енгізілгелі ауыртпалықтың бір ұшы ұстазға түсті, өйткені баланы сыныпта көз алдында оқыту бір бөлек, қашықтықтан оқыту қарама-қайшы нәрсе. Қашықтық оқыту дегенде ата-аналар да, оқушылар да, мұғалімдер де қиындыққа тап болғаны рас, бірақ «шешілмейтін түйін жоқ» деп қазақ аталарымыз айтпақшы, бұл мәселенің де шешімін тауып, оқушыларға әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақ берудеміз. Бастапқы уақытта сабақты онлайн конференция арқылы өтіп көрдім, бірақ бағдарламаға қосылу қиындықтарына байланысты тиімсіз болды. Сондықтан жаңа жұмыс форматтарын игеруге тура келді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда интернет ресурстарының Kundelik.kz online мүмкіндіктерін пайдаланамын. Мен сабақта Whatsapp желісін қолданамын. Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмаларды, оларды орындау жолдарын Whatsapp арқылы түсіндіремін және білім алушыларға ыңғайлы уақытта орындауды ұсынамын. Күнделік арқылы кері байланыс жасап, оқушыларды бағалаймын. Осы бір қиын қыстау уақытта ата-ана, оқушы, мұғалім бірге болып, бір-бірімізді қолдауымыз қажет деп ойлаймын.