Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Мырзагулова Актолкын
Мен бала күтімінде отырған мұғаліммін. Бірақ, елде болып жатқан жағдайды көріп, ести отырып әріптестеріме қолдау көрсеткім келді. Елімізде қашықтан білім беру іске асты. Мұғалімдер оқушымен кері байланыс жасап күн-түн жұмыстануда. Әркім шамасына қарай халыққа көмектесіп жатқанын байқап жүрмін. Біреу маска тігіп, қалталы азаматтар азық – түлікпен қайырымдылық жасап жатыр. Үйде отырғасын әріптестеріме қолғабыс жасап қалай көмектессем екен деген ой мені де мазалады. Осылайша, слайд, бейнежазбалар, сергіту сәттерін дайындап әріптестеріме ұсынып отырмын. Барлығы дән риза. Әркім қажетіне жаратып жатыр. Өзім еңбек ететін №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері өте мықты мамандар. Олардан үйренерім өте көп. Қайырымдылық жасаудың әр түрі бар емес пе?. Біреу бір ауыз жылы сөзге мұқтаж. Іс – әрекетіңмен қуаныш сыйлай білсең, соның өзі сауап. Жақсылық жасап жарысу тек осы сын сағатта ғана емес, әрқашан жалғасын тауып тұрса деймін. Мемлекет тарапынан 42500 теңге көмек беріліп жатыр. Бұл да жетпес жанның жыртығына жамау болмаса да, бір қажетіне жарайтыны анық. Барлық отбасының смартфон не компьютер алдында сабақ оқытуға мүмкіндігі жоқ. Дегенмен, бұл іс те оң шешімін тауып жатыр. Мектептегі компьютерлерді беру жөнінде де министр мырза тапсырма берді. Ата – аналар тарапыныан да қайырымдылық жасап ескі смартфонын немесе жаңасын сатып алып беріп, баласының сыныптасына көмек қолын созып жатқандар қаншама десеңізші! Қиындықты бірлесіп шешу керегін ел түсінді. Халқыма амандық тілеймін. Біз біргеміз! Біз үйдеміз!