Құрық орта мектеп – гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Рахметова Эльмира Аратовна.
Бүкіл әлемге тараған COVID-19 пандемиясының салдарынан тұңғыш Елбасы жариялаған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бүгінгі таңда «Қашықтықтан оқыту» кезінде шын мәнінде жүзеге асып отыр. Бұл індет келмей тұрып, әлеуметтік желілерді халықтың бірі қолданса, енді бірі аса қатты мән бермейтін еді. Карантин енгізілгеннен бастап білім саласында үлкен өзгеріс орын алды. Уақыттың талабы сол – қайткенде де оқушыларға үйде отырып білім берудің жаңа форматтары жасақталып, кеңінен ұсынылды. Алайда, желі жылдамдығының әлсіздігіне байланысты алыс аймақтарда тұратын тұрғындар тарапынан наразылықтардың туындағаны да рас. Осындай қиыншылықтарды ескерген Білім және Ғылым министрлігі теледидар, радио арқылы көріп немесе тыңдауға мүмкіндіктер жасады. Әлеуметтік желілерді қолдану барысында қашықтықтан оқытудың ең тиімді жолдары WhatsApp,Teleqram және Mektep edu платформасы болды. Осы желілер арқылы үйде отырып, балаларын қашықтықтан оқытуда қатты қиналған ата – аналар мұғалімдердің жұмысының қаншалықты жауапты және күрделі екендігіне көздері жетті деп ойлаймын.
COVID-19 пандемиясынан тезірек айығудың бірден – бір жолы қоғамнан адамдардың оқшаулануы, яғни жанұясымен үйде болу. Бұл – отбасылық татулықтың нығаюына және кәсіби мамандығынан бөлек өнер адамдарының шығармашылық дарынын шыңдауда үлкен септігін тигізді. Мемлекет тарапынан ұсынылған онлайн режимінде ұйымдастырылған «Біз біргеміз!» акциясы және әртүрлі іс – шараларға байланысты челендждер әлеуметтік желіде қолдау тапты. Осындай қиын кезеңде адамдардың бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста болып, ауызбіршілікпен атқарылған жұмыстардың нәтижелі болуы – қоғам үшін ең үлкен олжа. Бұл қиыншылықты амансау өткергеннен кейін де «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы күнделікті қолданысқа ие болып, әрі қарай да жалғасын табатынына сенімдімін!