Нұр-Сұлтан қаласы, №24 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Жакишева С.К.
Нұр-Сұлтан қаласы №24 орта мектебінде 22.01.20 күні бастауыш сыныптар апталығы аясында 4 сыныптар арасында «Ұлы Абайға – 175 жыл!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Іс-шара мектеп акт залында өткізілді. Ұлы Абайдың 175-жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шараны 4 «Ә» сынып оқушысы Қобыланды Құндыз қазақтың музыкалық аспабы -қобызбен «Қамажай» әуенін орындап ашып берді. Мұнда әрбір сыныпқа тиісті тапсырма берілген болатын. Нәтижесінде қызықты да тартымды, пайдасы мол, келген адамдардың, оқушылардың философ, аудармашы, әдебиет негізін қалаушы, ағартушы, классик, композитор, ұлы ақын — Абай Құнанбаев туралы рухани білімді арттыратын іс-шара құралды.
Залдың бір жағында Абайдың атамыздың жазған құнды кітаптары мен шығармаларынан көрме ұйымдастырылды.
Үлкен, кең масштабты интербелсенді тақтада Абайға арнап слайд жасалды.
Киелі сахнада 4 сынып оқушылары Абайдың жылдың «Қыс», «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз» атты 4 мезгіліне арнап жазған өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар тіл мен ұғынуға қиындау болғанына қарамастан 4 сынып оқушылары Абай атамыздың жазған қарасөздерін жатқа айтып берді.
Бір топ балалары Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап берді. Іс-шараны 4 сыныптың екі
үздік оқушылары Мугалбек Әділет және Қобыланды Құндыз жүргізді.
Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқталды:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.