Мұханбедиярқызы Алмагүл
Нұр-Сұлтан қаласы
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» Республикалық әскери мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Тарихта таңбаны пайдалану дәстүрі ежелден көне түркі заманында пайда болғанын тарихи деректер дәлелдейді. Көшпелілір ортасында бір тайпадан екінші тайпа бөлініп шықққанда ең әуелі азан шақырып ат қоюмен бірге киелі төрт қанатты туын көтере дүниені дүбірлетіп ұранын шақырып алта алашқа паш етіп таңбасын белгілеу дәстүр болған. Сол таңбаға қарап елін айыру мүмкін болған. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.
Осы зерттеумен айналысатын ғылым саласы елтаңба және тутану өмірге келгелі бірнеше ғасыр болды. «Герб» деген термин немістің «Ербо» деген сөзінен шыққан. Бұл ұғым өз тілімізде «Таңба» деген мағынаны білдіреді. Қазақ даласындағы таңбалар жиынтығы Таңбалы таста. Ол жерде ескі уақыттан сақталып келе жатқан көп елдердің таңбалары бар. Сол себептен қазақ халқының бас қосып ұран шақырған жері Таңбалы тас деп келеміз.
Қазақ елі империяға тәуелді болған жылдары Түрік қағанаты Қарахан мемлекеті, Алтын орда, Тәуке хан мен Абылай хан мемлекеті қалыптастырған бабалар аманаты. Бұл рәміздердің орнына батыс пен шығысқа өткір көзін тігіп тұрған өткір жез тырнағын кез келген мезетте батыруға дайын тұрған қос басты самұрық құсты қазақ даласына рәміз ретінде мойындатты.
Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған, жете алмаған арманы. Елін жерін жаудан қорғап, қасиетті дархан даланы азат етуді міндет еткен. Ел басына күн туғанда көк байрағымызды аспанға көтеріп жауынгерлерімізге рух берген бұл біздер үшін киелі рәміздер еді. Батыр бабаларымыздың күшін тасытып, мәртебесін көтеріп, елімізді аса іргелі елге айналдырар жүрегімізгі Отанға деген махабатымыздың айқындайды. Рәміздерге деген мақтанышымызбен бірге құрмет сан ғасырлар бұрын бастау алған бабаларымыздың даналығының арқасында, ізгі өсиетімен ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып және біз өмір сүріп отырған аяулы Отан – Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз
Жетпіс жыл бойы қазақ халқы өзіне тәне қасиметтерін ескеретін рәміздерін қабылдай алмады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 маусымында Республика Жоғарғы кеңесінің қазақ халқының егеменді мемлекет болған жаңа рәміздерін бекітті. Сол күннен бүгінгі күнге дейін міне 17 жыл уақыт өтті. 17 жыл желбіреген туымыздың астында Қазақ халқы егеменді елде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.
Олай болса, рәміз дегеніміз не? Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, ортақ еңбекті, тағы бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді. 2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды. Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым ҚР-да Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Бұл біздің еліміздің отанға деген құрметінің белгісі деп білем. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.
Көк байрағымызға көңіл бөлетін болсақ ҚР мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Ата-бабаларымыздан келе жатқан туды биік ұстау, көк аспанымызда желбірету біздің елімізге деген сүйіспеншілігімздің дәлелі.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны.
Көк түс – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек алтын түсті.
Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің іргетасын калаушылардын бірі, халықаралық байқаудың алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз. Мемлекеттік туымыз бүгінде БҰҰ-ы ғимараттарының алдында, әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама.
Кез-келген мемлекеттің басты рәміздерінің қатарында елдің елтаңбасы әрдайым маңызды орын алады және тұтастай алғанда ел мен мемлекеттің мемлекеттік саясатын сипаттайтын айрықша белгі болып табылады.
Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің маңызы, ондағы символдардың қандай мағына беретінін әр қазақ баласы біледі деп ойлаймын. ҚР Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Бірақ айта келе елтаңбаның тарихы, қалай құрастырылғаны және оған қандай өзгерістер енгізілгені жайлы бірі білсе, бірі біле бермейді. Біздің Елтаңба — әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Елтаңба негізі – Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп — негізі отбасының бейнесі.
Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел-жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
1991 жылы 2 қазанда Қазақстан тәуелсіздігін алмай тұрып, қазақ азаматы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан болатын. Сол кезде ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ ғарышкерінің жүрек тұсында елтаңба үлгісінде көк аспандағы жұлдыз бен ай және шаңырақ бейнеленген. Ал ғарышкердің жүрек тұсындағы сол таңбаны белгілі сәулетші, елтаңба авторларының бірі Шот-Аман Уәлиханов құрастырған. Кейіннен сәулетшінің ғарышқа барып қайтқан бұл белгі-таңбасы біраз өзгерістерден өтіп, 1992 жылы болған мемлекеттік елтаңбаның конкурсына ұсынылды.
Елтаңбадағы қос қанаттың бейнеленуінің де өзіндік бір тарихы бар. Қазақ жерінен табылған алтын диедемадағы қанатты ат, қанатты адам, қанатты және мүйізді аттар мен таудағы қанатты барыстар да елтаңбаға қос қанатты пырақтың пайда болуына себеп болды. Екінші авторардың бірі Мәлібеков елтаңбадағы жоғарғы үш үлкен қанатты үш жүздің халқы деген мағынада жасаған. Ал оның астындағы үш кішкентай қанат – сол үш жүзден тараған қазіргі ұрпақ.
Елтаңбаның төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазудың екі шетіндегі арыстан мен бөрінің бейнесі кейінгі өзгерістер кезінде қосылған. Қазақстанның елтаңбасын құрастыруда авторлар 293-тен аса жоба ұсынған. Елтаңба авторы алғашында бесбұрышты жұлдыздың орнына ай мен күнді қоюды ұсынған болатын. Алайда, елтаңбада әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдыз болсын деген нышанмен Елбасымыз Н.Назарбаев елтаңбаға бесбұрышты жұлдыз енгізуді ұсынды.
«Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
Қазақстанның елтаңбасына 25 жыл бойы ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Әліпбиді біртіндеп латын қарпіне көшіруді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік рәміздердің бірі елтаңбаға өзгеріс енгізілді. 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап елтаңбадағы «Қазақстан» жазуы латынша “QAZAQSTAN” деп өзгертілді.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
Көздің қарашығындай сақтауға, құрметтеуге, мақтанышпен қорғауға: Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлеу әр қазақ баласының парызы,иміндеті деп білем.
Өйткені,иТуымен — Тұғырлы, Елтаңбасымен — Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!