Жуырда Алматы қаласы білім басқармасына қарасты No 198 мектеп-гимназиясы 10 жылдық мерей тойын атап өту және іс-тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Оған аудан мектептерінің директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ардагер ұстаздар қатысты. Қонақтар кітапханаға жайғасып, өзін-өзі басқару қамқоршылық кеңесінің мүшелері өзін-өзі басқарудың басты ұстанымы – бірлік екенін айтып, оқушыны адалдыққа, шығармашылыққа баулуға қатысты өз көзқарастары мен ой- пікірлерін ортаға салып, өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, талқыланған мәселені кеңінен тарқатты. Оқушыларды әр сала бойынша шығармашылыққа баулитын, бүгінде қызу жұмыс жасап жатқан
үйірмелер туралы да айтылды.
Сонымен қатар, аудан бойынша төрт бағытта жұмыс жасайтын «Даналық» мектебінің жұмысының жанданып жатқаны
да тілге тиек етілді. No 198 мектеп-гиназиясының ұжымы «Даналық» мектебі аясында ықылым заманан қазақ халқы қасиетті санайтын, бүгінде ұмыт бола бастан ұлттық үрдістерді қайта жандандырып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Ұстаздар «Аталар өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» тақырыптары бойынша қамтылған ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ санасына сіңіруде. «Даналық» мектебінің төрт тармағы біріккенде ғана ұлттық тәрбиенің негізгі қайнар көзі саналары сөзсіз. Сондықтан да көпшілік «Даналық» мектебінің одан әрі дамуын қолдап, өз ойларын жеткізіп жатты.
Одан кейін жиналған қонақтар фойеге өтіп Әдістеме бірлестіктерінің шығармашылық көрмесін тамашалады. Мұнда жетекшілер әр жұмысты толықтай таныстырып жеке-жеке сипаттама берді. Біз тамашалаған кез-келген жұмыстың сондай шебер жасалғанына және әр шығарманың артында үлкен іждаһаттылық пен еңбектің барына көз жеткіздік. Мысалы: ұлы Абайды көлеңкемен суреттеген шығарма қалай шебер шыққан! Одан әрі қолөнер бұйымдары, түрлі роботатехникалық бағытта жасалған жұмыстар, қазақ тілі бірлестігінің баланы қызықтыра алатын оқу құралдары, айта берсең,
сөз жетпейді. Бірінен бірі асып түсіп жатқан көркем де көрнекі жұмыстар көрмеде көп болды. Жалпы біз тамашалаған үздік жұмыстардың басым көпшілігі түрлі байқауларда жүлделі орындарды иеленген жұмыстар екен.
Келесі кезеңде семинар қонақтары спорт залға өтіп, спорттық секциялар мен үйірмелер көрмесін тамашалады. Үйірме жетекшілері әр секция түріне жеке-жеке тоқталып, жұмыстарын жан-жақты түсіндірді. Мұнда спорттық ойындармен қоса, ұлттық ойын түрлерінен де майталмандар жетерлік. Олар, алыс- жақын елдерде өткен жарыстарға қатысып жүлделі оралған жандардың медаль кубоктарынан көз сүрінеді.
Осыдан тоғыз жыл бұрын ғана жалпы мектеп болып, бүгінде гимназия атауы берілген аталмыш No 198 мектеп- гимназиясының осыншама жетістіктерін көріп таңқалыстық. Білімді де білікті ұстаздар мен жандары жаңашылдыққа
құмар шығармашыл оқушылар осында екен-ау дерсің. Жалпы аталмыш мектептің 100 озық мектеп қатарына енуінің де сыры осы шығар.
Семинар соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Концертке жиналған қауым, алдымен бүгінде 10 жылдығы аталып өтіп жатқан мектеп-гимназиясының тарихынан сыр шертті. Монитордан сонау жылдары Жасқанат ықшамауданы бой көтергенде No198 жалпы білім беретін мектептен гимназияға айналған білім ошағының кешегісі мен бүгіні туралы естеліктер айтылды. Семинарға арнайы келген ардагер ұстаздар әсерлі де әдемі естеліктерімен бөлісті. «Бірнеше жылдар бұрын мектебіміз жалпы білім беретін мектеп болса да алар асуларымыздың алда екеніне басшымызбен бірге сенімді болдық, және тоқтамай тек алға ұмтылдық. Жанымызды салып еңбектендік»,- деді олар. «Жүсіп Баласағұнның «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» деген сөзі рас. Бүгінгі күні біздің мектеп- гимназиямызды қалыптастырып, дамытуда оның директоры Канапьянова Асемкуль Слямбековнаның ерен еңбегін айтпауға болмайды», — деді әріптес ұстаздар.
Концерттік бағдарлама соңында мектеп-гимназия директоры Әсемгүл Сләмбекқызы барлық қатысушыларға алғыс айтып, өзінің жүрекжарды тілегін білдірді. Біз де өз тарапымыздан мерейлі мереке құтты болсын демекпіз.
Жұлдыз Смаилова
«BILIM AYNASY»
Алматы қаласы.
Мақаланың сауатты жазылуына көңіл бөлсе дұрыс болар еді.