Home » Мақалалар » Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем

Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем

25 қазан — Республика күні мерекесін Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 153 бөбекжай-балабақшасында атап өтті. Балабақша ұжымы бүлдіршіндерді аталған мерекеге тыңғылықты дайындаған. «Құлыншақ» мектепалды тобының бүлдіршіндері «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырды. Балалар патриоттық әндер орындап қана қоймай, өлең шумақтарын жатқа айтып, ұлттық асапатармен оркестрдің сүйемелдеуімен қазақтың халық әндерін де орындады. Сондай-ақ сазсырнай, асатаяқ, жетігенде өнер көрсеткен өнерпаздарымыз аз болмады. Келген қонақтар өнерпаздарымыздың өнеріне тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.
    
« Қазақстан Отаным»! «Республикам -Қазақстан»! «Жасасын Қазақстан»!- деп ұрандатқан бүлдіршіндерді көріп марқайып қалдық. «Елімінің туын көкте желбіретем- мен өз Отанымның мақтанышымын!» деген балалардың әні мен сәні жарасып-ақ тұр.
— Мен осы балабақшаның меңгерушісі ретінде өз бүлдіршіндерімді мақтан етемін, олардың әрдайым мерекелік көңіл күйде өнер көрсетулерінің куәсі болып келемін. Республика күні қарсаңында  әр бала патриоттық сезіммен жан-жақты өнерлерін көрсетуде.
    
Бүгінгі іс-шара барысында балалар тек ән айтып, би билеп қана қоймай өз деңгейлеріне лайықталып дайындалған сұрақтарға жауап берді. Бұл жерде балабақша ұжымының тынбай еңбектеуін көруге болады. Әдіскер Алжекеева Марзия Ильиясовна, тәрбиешілер Имангазиева Назерке Советбековна, Бирталаева Қарлығаш Кадировна, музыка жетекшісі Әділжан Алмагүл Әділжанқызы  осы аты аталған кісілердің еңбектерінің жемісі, балаларымыздың бүгінгі жетістігінен аңғаруға болады.
Олар бала санасына ұлттық тәрбиені де, патриоттық сезімді де сіңіріп келеді.  Бүгінгі мерекенің тақырыбына орай тарихына да үңілген тәрбиеленушілер сұрақтарға мүдірмей жауап беріп жатты. Бүлдіршіндер бізге осынша  тәлім мен тәрбие алған ұрпақтың келешегінен көп үміт күтуге болатынын дәлелдегендей. Балалардың былдырлаған тілінен шыққан мағыналы сөздерді естіген біз де марқайып қалағанымыз шындық. Балабақша тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, саналы да білімді ұрпақ дайындап жатқандығының бірден бір көрінісі дер едім. Мереке соңы флешмобқа ұласты.

Алматы қаласы Алатау ауданы 
КМҚК №153 бөбекжай балабақша меңгерушісі
Нурмаханбетова Алина Құрманбековна.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.