Home » Балабақша » «Мен новатор ұстазбын» эссе

«Мен новатор ұстазбын» эссе

Ұстаз ол – ұлы есім. Осы сөз мен үшін өте арман болатын. Осы арманды балалық шақтан арман етіп келдім. «Ұстаз» деген ол- балалардың жанындағы екінші анасы. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой,адамгершілік,әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана –сезімді сіңіруші адам-мұғалім. Бұл ең жақсы көретін жандарға берілетін ұғым. Мен осы ұстаздық мамандықты таңдағаныма мақтанамын. Шәкірттерім менің өмірімнің бір бөлшегі. Менің тандаған жолым-үлкен жауапкершілікті ,төзімділікті , іздемпаздықты, шығармашылықты талап ететін киелі жол. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім. Бұл екеуі бір-бірінен ажырамайтын, ажыратуға келмейтін тұтас бір әлем.  «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі  »- деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жақсы мұғалім . Бұл –деген өзіндік жеке көзқарасы ба,  көп оқып,көп ізденетін,ойшыл, армандары биік, білімі жоғары, заманауи,жаңа технологияны меңгерген, баланың жанының бар құпиясын терең ұғына алатын іскер тұлға. Иә , мен-мұғаліммін. Ал бұл деген менен үлкен жауапкершілікті ,білімді талап ететін үлкен міндет. Өйткені алдыма келген әрбір баланың тағдырына ,оның болашақта білімді,саналы,тәрбиелі азамат болып өсуіне мен жауаптымын. Менің алдымдағы әрбір шәкіртім еліміздің ертеңі,болашағы осы балалардың қолында. Бүгінгі таңда бізге,мұғалімдерге ең қажетті нәрсе-заман талабына сай,лайықты  жаңа адамды қалыптастыру . Заман күннен күнге дамып,өркендеу үстінде.  21- ғасыр бұл ақпараттық –технологиялық заман. Заманауи ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір тетігін жетік меңгерген болу керек.  Жаңа заман талабына сай, әлеммен бірге өзгеру мақсатымен менде деңгейлік курсты оқып , жаңа форматтағы ұстаз ретінде қалыптасып келемін.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,қастерлеу,арындай таза ұстаз – әр мұғалімнің борышы. Ұстаздың осыншама қадір  — қасиет,құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен,жауапкершілікпен қарым – қатынас жасауында. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып,ұстаздан шәкірт озып жатса,төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?

 

Алиева Айсара Бахитовна,
Нұр-Сұлтан қаласы,
«Аяла и Д» балабақшасының тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.