Бүгінгі күні мемлекет, қоғам, ата-аналар білім сапасына ерекше талаптар қояды. Білім беру жүйесінің негізі болып табылатын мектепке дейінгі білім беру Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарын тәрбиелеу, оқыту және дамыту бойынша негізгі мемлекеттік міндеттерді орындауға тиіс. Мұны білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуға, жаңа педагогикалық ойлаумен педагогті қалыптастыруға бағытталған бірқатар мемлекеттік құжаттар куәландырады.
Қазақ қоғамындағы қазіргі заманғы өзгерістер ұйымдастырушылық жағынан болсын, және сондай-ақ мазмұндық жағынан да әсер еткен, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне елеулі өзгерістерге алып келді.
Қазіргі уақытта біз сапалы даму, Қазақстандағы қоғамдық мектепке дейінгі тәрбие жүйесін өзгерту туралы, тәрбиелеуге жеке көзқарас қалыптастыру туралы, дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларды оқытудың жаңа модельдерін әзірлеу туралы, ата-аналардың білім беру ұйымын таңдау құқығын тану туралы айта аламыз.
ҚР «Білім туралы» заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (№292 2012 жылғы 13.05.2016 ж. өзгерістерімен) мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары белгіленген:
- білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру;
- отандық және шет елдік интербелсенді әдістер мен технологияларды зерттеу негізінде білім беру үдерісін технологияландыру.
Мұндай көзқарас мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінен балалардың дамуына интегративтік тәсілдемелердің алуан түрлілігінде, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын анықтайтын заманауи технологиялар мен әдістерге, педагогикалық қызметтің құрылымына, дамушы ортаны ұйымдастыруға бағдарлана алуды талап етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін жобалау» білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін оқытуды реттейді. Бағдарлама мақсаты мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Бағдарлама міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартуға себеп болған нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу;
- педагогикалық ойлауды қалыптастыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқытудың отандық және шетелдік тұжырымдамалардың концептуалды негіздерін зерттеу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз ететін, оларды ерте дамыту бойынша заманауи білім беру технологиялары мен сұрыптау әдістерін, апробациялау және енгізудің құралдарын қолданып үйрену;
- мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамытудың педагогикалық жүйелері мен әдістемесінің концептуалды негізін игеру;
- мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту үшін Үлгілік оқу бағдарламасы шеңберінде тұтас педагогикалық үдерісті жобалап, жоспарлап және жүзеге асыруға үйрену;
- педагогикалық қызметтің әр алуан түрлерін жобалауды игеру, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуды психологиялық-педагогикалық қолдау; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының талаптарын есепке ала отырып, шағын оқытудың жаңа амалдарын жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдау; оқу педагогикалық қызметтің жеке үдерісінің рефлексиясы;
- ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыру болып табылады.
«Blend ed leaming» форматында жасалған «Мектепке дейінгі білім беру үдерісін жобалау» тақырыбында курс 2019 жылдың 23 қыркүйек-15 қазан аралығында ұйымдастырылды. Курстың ерекшелігі күндізгі оқыту 16сағат, қашықтықтан оқыту -48 сағат және 8 сағат онлайн түрінде құрастырылған. Тақырыптың мазмұны 5 модульден тұрады. Күндізгі және аралас оқу режимінде тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, шағын сабақ таныстырылымы, қорытынды тестілеу, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізілді.
Соның ішінде 5-ші модульде алты тақырыптан қарастырылған, олар екі тақырыпты таңдап, өздерінің кәсіби қажеттіліктеріне сәйкес білім беру траекториясын таңдау мүмкіндігіне ие болды. Осы курстан 70 тәрбиеші өздерінің біліктілігін арттыруға толығымен мүмкіндіктері болды. Әрбір баланы жеке дамыту үшін «іздестіру алаңын» құру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарында пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыруды және Үлгілік оқу бағдарлама басымдықтарын жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін технологиялар мен әдістерді талдайды және сұрыптай алады. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі ұйымдар жағдайында балаларды ерте дамыту педагогикалық үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған педагогикалық жобаларды әзірлеуді және жүзеге асыруды; баланың жеке басын дамытудың әрбір жас кезеңінде білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникативтік, дамытушы, реттеуші және басқа технологияларды пайдалануды меңгереді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымның пәндік-дамытушы ортасын ұйымдастыру мәселесі аса өзекті.
Балалар әрекетінің сан алуан түрлерінде Типтік оқу жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін пәндік-кеңістіктік ортаның мазмұндық әрекеті қажет.
Бала үшін пәндік- дамытушы орта нені білдіреді? Дамушы орта мұғалім үшін нені білдіреді? Содан кейін өздерің топтық бөлмелер арасында пәндік-дамытушы ортаның қызықты модельдерін ұсынып, өздік жұмысты шығармашылықпен орындауға кіріседі. Ұсынылған тақырып аясында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зерттеу қызметінің әдістері мен тәсілдері және қазіргі заманғы мектепке дейінгі ұйымда олардың тиімді пайдалануы қарастырылды.
Каирбаева Жанна Хабппасовна
инновациялық білім беру
және ақпараттық технология кафедрасының
аға оқытушысы