Home » Оқу-әдістемелік материалдар » «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» ФОРМАТЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ

«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» ФОРМАТЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ажырамас құрамдас бөлігі – білім беру саласындағы цифрландыру процесі. Сандық технологиялар, биотехнологиялар, коммуникациялық желілерді дамыту білім беру кеңістігін ұйымдастыру және тұлғаны дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі заманғы балабақшаның білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік беретін  құрал. АКТ оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Бүгінгі таңда заманауи, техникалық үдерістен қалыс қалмауға міндетті педагогтардың компьютерлік технологияларды меңгеруі, компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер, смартфондар және т.б. пайдаланылуы мүмкін АКТ- н сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолдана алуы оқыту процесінің сапасы мен тиімділігін арттырады. Әр педагогикалық қызметкердің, көптеген сандық технологияларды қолдану арқылы ақпаратты тиімді және сыни іріктеп, талдап және құра білуі, сонымен қатар сол технологиялардың құрамдас бөліктері мен функцияларын білуі, яғни ақпаараттық сауаттылығын дамыту − заманауи талаптардың бірі.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының миссиясы республиканың білім беру мекемелерінде электрондық білім беру жүйесін дамыту, сандық технологиялар саласында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, XXI ғасырдың дағдыларын дамыту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, балалар мен жастардың интернет-технологиялар мен компьютерлік ойындарға деген зор қызығушылығы жағдайында адамгершілік мұраттар мен құндылықтарды дарыту болып табылады.

ҚР БжҒ министрлігі бекіткен мектепке дейінгі ұйымдар басшыларына (меңгерушілеріне), әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне, педагогтерге арналған педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламалары педагогтердің АКТ-құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған технологиялық модульден тұрады, оған 10 академиялық сағат беріледі. Бұл курстарға Egov электрондық үкіметі, «Күнделік» автоматтандырылған жүйесі, «BilimLand» сандық білім беру ресурсы және басқа да құзыреттер кіреді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым роботтандырылған жүйелерді модельдеу мен құрастырудың негіздері, роботтарды бағдарламалау және жинау бойынша және  цифрлық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды қолдану (BilimLand (БілімЛэнд)  және т.б.) арқылы тәрбиешінің құзіреттілігін дамыту бойынша мүмкіндіктер қарастырылған.

«Робототехника негіздері» (физика, мехатроника, технология, математика, кибернетика) бағдарламасы метадағдыларды дамытуға, схемотехникадан қарапайым роботтарды құрастыруға дейінгі жүйелі зерттеуге негізделген. Бағдарлама сондай-ақ сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, зерттеу дағдыларын, топта жұмыс істеуді дамытуға ықпал етеді.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы «Робототехника» қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы балабақшадағы робототехниканың дидактикалық мүмкіндіктерін қарастырады.  Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес роботты конструкторларды қолдана отырып, әртүрлі міндеттерді шешу үшін роботтарды құрастыру, модельдеу және бағдарламалау саласында мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының біліктілігін арттыруға бағытталған. МДББҰ-ның тәрбиешілер «Робот-мышь» және «Планета STEAM» LEGO Education жинақтары арқылы бағдарламалау негіздерін үйреніп, сыни ойлау дағдылары мен алгоритмдік дағдыларын дамытады.  Мектепке дейінгі жастағы балаларда STEAM-құзіреттілікті (Science Technology Engineering Arts Mathematics – Ғылым Технология Инженерия Өнер математика – сайнс технолоджи инженеринг арт мэфимэтик) дамыту үшін заттық-кеңістік дамыту ортасын жобалау бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы педагогтарының біліктілігін арттырудың ұлттық білім беру порталы арқылы аралас оқыту форматындағы «Blended learning» білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының (меңгерушілерін), әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің заманауи мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы педагогикалық менеджмент, стратегиялық жобалау бойынша, білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін жүйелі модельдеу мәселелері бойынша кәсіби шеберлік деңгейлерін арттыруға бағытталған. «Blend edlearning» форматындағы  «Мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісін жобалау» бағдарламасында 5 модуль  ұсынылған, соның ішіндегі технологиялық модульдің мазмұндық құрамдары жеткілікті үлкен мәселелерді, соның ішінде  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары тәрбиешілерінің акпаратттық-коммуникациялық құзыреттілігіне, білім беру ұйымдарын цифрландыруға, мектеп жасына дейінгі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауға, мектеп жасына дейінгі балалардың жеке білім алу тәсілдерін  «Step by step» технологиясы арқылы іске асыруға қатысты мәселелерді қамтиды. Оқу материалының мазмұнын іріктеу және ұйымдастыру принциптері қашықтықтан және ақпараттық білім беру технологияларын пайдалануды көздейді, бұл blended learning (аралас оқыту) режиміндегі курстардың маңыздылығының артуымен байланысты.

 

Разбекова Зауре Кайыровна

инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар

кафедрасының аға оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.