Маханбеткулова Перизат Амангельдиевна
Жамбыл облысы
Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы
Құлан мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «…қазіргі қоғамның басты талаптарының бірі — зерттеушілік құзыреттілігі дамыған жаңа тұрпатты адамды қалыптастыру» — делінген [1]. Демек, қоғамда болып жатқан тың өзгерістерді мектеп оқушылары дұрыс қабылдап, зерттеушілік әлеуетін арттыруға ұмтылуы тиіс.
ҚР білім берудің жалпыға бірдей мемлекеттік стандартында бастауыш білім берудің мақсаты – кең ауқымды дағдыларды меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді дамуына қолайлы білім кеңістігін құру қажет- деп атап көрсетілген[2]. Соның бірі бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмысарын жүргізе алуы. Балаларда зерттеушілік қабілеттер мен дағдыларды тәрбиелеу, әртүрлі ғылым түрлеріне қызығушылықтарын ояту қазіргі мектептің маңызды міндеті болып табылады.
Баланың қоршаған әлемді өзбетінше зерттеудегі белсенділігі генетикалық сипатқа ие және ерте балалық шақтан бастап көрінетіні белгілі.
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметі олардың құндылық, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытады. Зерттелетін материалдың шеңберін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді, оқу дағдыларын қалыптастырады, тұлғаның дамуы мен даралануына ықпал етеді, сонымен қатар оқушылардың білім алуға деген ынтасын қалыптастырады.
Бастауыш сыныпта мұғалім оқушының зерттеушілік дағдысын дамыту барысында әртүрлі әдістерді қолданады. Пән мазмұнына байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Білім, ақпарат дайын күйінде берілмейді, оқушы үнемі ізденеді, сондықтан да зерттеушілік жұмыс оның күнделікті іс-әрекетіне айналады.
Бастауыш мектеп оқушы тұлғасының қалыптасуында, оның ойлау үрдісінің дамуында, танымдық белсенділіктің қарқынды қалыптасуында, оқу іскерлігінде өте маңызды кезең болып табылады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларымен зерттеу жұмысын жүргізу мұғалімнің негізгі міндеті болып табылады.
А.Мұхаметжанова бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетіне теориялық талдау жасай отырып, былай дейді: «Алған білімін өздігінен толықтырып, өз идеясын дәлелдей алатын, саналы түрде әрекетке түсетін, өзі үшін жаңа болып табылатын, нәтижеге жету» [3].
Зерттеушілік іс-әрекет оқушылардың төмендегі қабілеттерін қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды:
- Жұмысты орындауға деген талпыныс
- Жаңа білімді іздеуге деген мотивация
- Өз көзқарасын дәлелдеуге ұмтылу
- Электронды, сандық ресурстармен жұмыс істеуге деген талпыныс.
Оқушының шығармашылық, зерттеу дағдыларын дамытудың көптеген жолдары бар, тиімді әдістерінің бірі- оның жеке зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру. Бастауыш сыныпта шығармашылық ізденіс, қоршаған ортадағы құбылыстар мен фактілерді өз бетінше түсіну дағдылары оңай қалыптасады және болашақта барлық іс-әрекеттерді сәтті игеру үшін талпыныс жасайды. Бастауыш мектепте мұғалім оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту барысында бірнеше жаңа әдістерді қолданады. Оқушыларды ақпараттық кеңістікте бағдарлай білуге, өз білімін өз бетінше құрастыра білуге, әртүрлі ғылым салаларынан білімді біріктіре білуге, сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға үйретеді.
Педагогикалық үдерісте бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мотивтерін туындату үшін, мұғалім оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін меңгеру қажет. Олар:
- мәселені көре білу;
- сұрақтар қою;
- болжамды ұсына білу;
- дағдыларын анықтау;
- топтастыра білу;
- бақылау ;
- эксперимент жүргізу;
- қорытынды жасау;
- материалды сұрыптау;
- өз көзқарасын дәлелдеу және қорғау
Ғылыми зерттеу дегеніміз ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығы қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді[4].
Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін дамыту сабақта, сабақтан тыс уақытта, үй тапсырмасын орындау кезінде де жүзеге асады. Сабақта шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында оқушы ізденеді және деректермен жұмыс жасайды, қорытынды шығарады. Мысалы, жаратылыстану пәні оқулығында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылған. Пәннің мазмұны биологиялық пәндердің кіріктірілген негізін құрайтын болғандықтан, сабақ беру барысында тәжірибе жасау, зерттеу жұмысын жүргізу, сарамандық жұмыс түрлері басым болады. Сабақта бақылау, эксперимент әдістерін қолдана отырып, зерттеу жұмысының қағидаларын игереді. Табиғатта болып жатқан өзгерістерді, экологиялық құбылыстарды бақылау арқылы оқушы өзіне қызықты мәліметтер жинақтайды. Жыл мезгілдерінің ерекшелігі, жапырақтардың сарғаюы, жет қатпарларында болатын процестер т.б оқушылардың ойлануына және осы бағытта зерттеу жұмысын жүргізуіне мүмкіндік жасайды.
Мен зерттеушімін, Тірі табиғат, Заттар және олардың қасиеттері, Жер және ғарыш, Табиғат физикасы сияқты оқу бөлімдерін зерделеу барысында оқушылар қарапайым да қызықты тәжірибелер жүргізіп, табиғат құбылыстарының даму үдерістерін сипаттап, болжап, түсіндіреді. Осындай тәжірибе түрлері зерттеу қызметінің бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу бірнеше кезеңдерден тұрады. Олар:
- Тақырыпты таңдау
- Мақсаты мен міндетін анықтау
- Болжамын жоспарлау
- Әдістерді іріктеу
- Тақырыптың өзектілігін айқындау
- Дереккөздерін жинақтау, талдау
- Интернет ресурстарын сұрыптау
- Жоспар құру
Оқушылардың зерттеушілік дағдысын сабақта дамыту маңызды. Себебі, оқушы жаңа білімді іздеу арқылы өзіне қажетті құндылықтарды жинақтайды. Бастауыш сыныпта дағды, білімді меңгеру, белсенді шығармашылықпен айналысу негізі қалыптасады. Оқушылардың зерттеу жұмыстарының тақырыптары әртүрлі болады. Жоба әдісін қолданып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. Мысалы, «Тірі ағзаның тіршілігіндегі ауаның рөлі», «Су-тірі зат», «Кемпірқосақ қалай пайда болады», «Неге жаңбыр жауып, жел соғып тұр?», «Сау тістер-денсаулық кепілі», «Күн жүйесінің планеталары» т.б.
Мектеп оқушыларын түрлі мәселелер толғандырады: жаратылыстану мен экология, тарих пен мәдениет мәселелері. Көбінесе балалар өз жұмыстарында жаһандық және қазіргі кездегі өзекті мәселелерді қозғайды.
«Ұялы телефон: ойыншық немесе байланыс құралы» ұялы телефондардың адам денсаулығына әсерін зерттеуге болады, «Балалар өміріндегі компьютерлік ойындар» тақырыбында компьютерлік ойындардың оқушылардың оқуы мен дамуына оң және теріс әсерін анықтауға көмектеседі. Бұл тақырыпты зерттеу барысында оқушылар Svot – анализ жасап, статистикалық мәліметтер келтіреді.
Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде зерттеушілік қабілетті дамыту үшін дәстүрлі емес әдістер кеңінен қолданылады. Зертханалық сабақ, жоба сабағы, сараптама сабақ, саяхат сабақ, іскерлік ойын сабағы т.б.
Математика сабағы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытатын негізгі интеграциялық пән болып табылады.
Сандық заңдылықтармен жұмыс жасай отырып, оқушылар өздері үшін қызықты мәліметтер табады, сыныптастарына стандартты емес шешім іздеуде белсенді түрде көмек көрсетеді. Қызықты тапсырмаларды орындау оқушының шешім қабылдау, іздену, ақпарат жинау, салыстыру сияқты қасиеттерін шыңдауға мүмкіндік береді.
Осылайша, бастауыш сынып оқушылары зерттеу әлеуетіне ие. Әр бала табиғаты бойынша зерттеуші болып табылады, ол әлем, қоршаған орта туралы көп нәрсені білмейді, сондықтан ол үшін бәрін білу маңызды. Оқушылар жаңа білімді жақсы меңгереді.
А. Савенков. «Зерттеу қызметін іздену нәтижесінде пайда болатын және зерттеу әрекеті негізінде құрылатын зияткерлік және шығармашылық қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырған.
Қорыта айтқанда, зерттеушілік бүгінгі заманауи білім беру жүйесінде оқушының танымдық іс-әрекетін, оның табиғи мүмкіндіктерін негізге алатын оқытудың жаңа моделі болып табылады.
Осыған орай, бүгінгі мұғалім, әлeмдiк бiлiм бepу кeңicтiгiндe тек ақпарат жиынтығын меңгертумен шектелмей, іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға, күнделікті сабақ үдерісінде белсенді әдістерді пайдалануға, интeгpaциялық оқытуда креативті ойлауды дамытуға белсенді әрекеттер жасауы қажет.
Пайдаланған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы http://adilet.zan.kz/kaz/docs
- ҚР білім берудің жалпыға бірдей мемлекеттік стандарты http://adilet.zan.kz/kaz/docs
- Мұхаметжанова А.О. Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілеттерін дамыту //Бастауыш мектеп. -А., 2015. — № 5. -15б
- Аманбаева М.Б. Болашақ биолог мұғалімдердің зертеушілік іс-әрекетін қалыптасу әдістемесі: пед.ғыл.канд….дисс.: Алматы, 2016. -161б