Кошкимбаева Жанар Сыихынбаевна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының тренері, Тараз қаласы
ҚР инклюзивті білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу жєне әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «2021-2022 жылдары балалардың әл-ауқатын және жағдайын жақсартуды бағалауға үшін баланың әл-ауқаты индексі айқындалып, енгізілетін болады» деп көрсетілген. Осы құжатта сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларына әлеуметтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөніндегі орталықтар мен психологиялық қызметтер желісін дамыту (балалар үйлерін трансформациялау) жалғастырылады. Азаматтық қоғамның назарын аудару, мемлекет пен қоғамның балалардың құқықтарын қорғау саласының өзекті мәселелеріне шоғырландыру мақсатында, сондай-ақ балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар іске асырылатын боладыделінген. Осы ретте инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы екенін айта кету керек. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын дамытады. Осыған байланысты, қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер айқындалып отыр. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған ЕҚБ балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, оларды құрдастарының қабылдауына үйренеді. Инклюзивті білім беру үшін ерекше білім беруді қажетсінетін балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасалуы керек; осындай балалармен жұмыс жасайтын мамандармен қамтамасыз ету жолы қарастырылуы тиіс; интеграция (инклюзив) үрдісінде балаларды психологиялық дайындау – уақытында кеңес беру, көмек көрсеу, тьюторлық және әлеуметтік-психологиялық қолдау, материалдық-техникалық жабдықтау, бағдарламалық, оқыту-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету – басты назарда болып, орталықтандырылған тұрғыда жүзеге асқаны жөн. Осы тұрғыдан келгенде, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ 2018 жылдан бері «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі инклюзивті білім беру» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде. Филиалдың мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасы білім беру үдерісінің ортасында адам мен адам тағдыры болатындығын, кәдімгі бала немесе ерекше адам болғанына қарамастан, балаға үйреткеннің барлығы оның болашақ өмірінің сапасын арттыруға бағытталатындығын ескере отырып, оның үстіне бүгінгі күні инклюзия мектептерде әртүрлі нысанда кездесіп отырғанын назарға ала отырып, бұл мәселенің қыр-сырын зерттеу үстінде. Қаладағы пилоттық мектеп пен бала-бақшалармен бірлестікте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды анықтау жолдары, оларды түзету және қолдау көрсету әдістері саралануда. Елімізде қалыптасқан пандемия жағдайында инклюзия мәселесі бойынша қашықтан ұйымдастырылған түрлі конференциялар, семинарлар, вебинарлар, шебер-сыныптар ашық диалог алаңына айналып, қатысушыларға инклюзивті білім берудің жаңа аспектілерімен онлайн режимде танысуға, ерекше білім беру қажеттілігі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша тиімді практикалық тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік беруде. Осындай іс-шаралар барысында мынадай мәселелерді шешу анықталды, яғни Қазақстан білім беру жүйесіне инклюзияны кеңінен енгізу үшін келесі мәселелер шешімін табуы тиіс: жалпыға бірдей білім беру мектепте инклюзивті топтарда, үйде оқыту үшін арнайы мамандандырылған педагогикалық мамандар дайындығын күшейту; педагогтер, дефектологтар, медицина және әлеуметтік қызметкерлер әріптестікте жұмыс жасауы және мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын бірге бақылауы тиіс; жалпыға бірдей білім беру мекемелерінде ерекше балаларға консультативтік-әдістемелік сүйемелдеу жұмыс жасайтын болғандықтан білім берудің арнайы (түзету) ұйымдарында статус, жаңа функциялар және құрылымдық өзгерістер керек; даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның толерантты көзқарасын қалыптастыру бағытында жұмыс жасалуы тиіс; мүмкіндігі шектеулі балаларға бүкіл қоғамның көзқарасын өзгерту қажет (ата-аналар өз балаларының қасында мүмкіндігі шектеулі баланың болғанына әлі дайын емес).
Дені сау балалардың ерекше білім алу мұқтаждықтары бар балалармен араласуы олардың ұлағаттық тәрбиесіне әсер етеді, көзқарасын өзгертеді және ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар білім және машық алуға басқа балалармен тең мүмкіндік алады, өздерін еркін сезініп, мектепке қуанышпен барады.
Сонымен қатар мектептегі ұстаз инклюзивті білім беруде психологиялық қолдау мақсатында: Сенің ақаулықтарыңа қарамастан сен әдемі екеніңді біл, өйткені сен – баласың…, сен өз таңдауыңды жасай аласың…, сен өз сәтсіздіктеріңді жеңіп, өз қателіктерің арқылы дамисың…, сен – ол сенсің, өз артықшылықтарың мен кемшіліктерің бар, үміт пен шексіз мүмкіндіктерің бар…, болашққа қадамды біз БІРГЕ жасаймыз! деген сөздермен үнемі қолдау жасап отыруы қажет. Себебі адамдардың бір-біріне қол ұшын беруі – инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың бірден-бір жолы.