Home » Мақалалар » Латын әліпбиіне көшу рухани жаңғыру талабы

Латын әліпбиіне көшу рухани жаңғыру талабы

 

Айша Курманбековна Тулекова,
 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы 

Қазақ жазуының латын графикасына негізделген әліпбиге көшуі – елімізді рухани жаңғыртудың басты өзегі. Ұлттық жаңғыру бағытындағы атқарылатын шаралардың бірі ретінде Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі туралы айтқан ойлары бүгінде нақты іспен іске асырылуда. Қазақстан Президенті латын қарпіне көшу туралы бастаманы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында кезекті рет еске салған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», – деген болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінде терең талқыланған тақырыптың тамыры тереңде жатыр. Өйткені бұл бастама біздің тарихымызбен, болмысымызбен үндес. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін академик Ә. Қайдари алғаш рет осы мәселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған еді. Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. Тіл мамандары мен ғалымдар күш біріктіріп көршілес елдердің тәжірибесін ескере келе латын қарпіне көшу мәселесінде уақыт оздырмай нақты іске кірісті. Ғаламдық дамудың жаңа дәуірінде латын әліпбиіне көшу уақыт талабы болып отыр. Латын қарпі – болашақтың кілті десек, ал оған көшу еліміз үшін аса маңызды кезеңдердің бірі болатыны ақиқат. Елбасы айтқандай латын графикасына кезең-кезеңімен өтуге басымдық беру  жаңа әліпбиді терең меңгеруге жол ашады. Барлық озық техно­ло­гияның тіліне айнал­ған латын әліп­биіне көшу — еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құ­бы­лыс. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл мәселені таяу жылдардағы негізгі міндеттердің бірі деп бекітті. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізудің мәні орасан.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.