Home » Жаңалықтар » Ұлттық ойын ұлт қазынасы

Ұлттық ойын ұлт қазынасы

Жаһандану мен урбандалудың уынан есімізді жинап,  заман талабына сай келетін,  сыннан сүрінбей өтетін жаңа болымысты қалыптастыру қажет деп өзге елдің сан түрлі тәсілін таңсық көрген едік….
Мұның ешбірі ұлттық болмысты қалыптастырмады,  әлеуметтік желіде өз бейнемізді ұлықтай алған жоқ.  Соңғы жеті жыл көлемінде Астана қаласындағы  мектепке дейінгі білім ордаларымен жұмыс жасап жүріп осы ойды түйген едім.  Бүгінде сол ойдан арылғандаймыз. Себеп, қазақтың » болмысы бөлек» екенін әр бір ұлтқа тән өзіндік келбетін,  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың үлгісін көрсетіп жас ұрпақты балабақша қабырғасынан ұлттық тәрбиеде сусындатуға күш салған білім ошақтарының қатары артып келеді. Жақында ғана V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны дүркіреп өтті. Рухани-мәдени іс шарада қазақ елі бір рухтанды.  Ұлттық коды оянып, түп-тамырымызды тапқандай болдық…

Мәдениетімізді,  байырғы өнерімізді еске түсіріп әсіресе ұлттық ойындарымызды көргенде отаншылдық сезім ояна түсті. Басылымдар жарыса жазып,  келген қонақтар қазақ еліне деген құрметін жасырмады.  Осы күндердің ізі жалғасып,  балабақша бүлдіршіндері ұлттық тәрбиеге қанықса міне арманның орындалғаны…
Осы сөзіміздің  дәлелі Астана қаласы әкімдігінің №70 » Құлыншақ » балабақшасында 23 қыркүйек күні «Көшпенділер ойыны балабақшада»  тақырыбында қалалық семинар өтті.  Асыл мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеу,  балалардың бойында қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыруды мақсат еткен педагогикалық ұжымның еңбегі ақталды.  Ұлттық ойындарға қызығушылығын арттырып семинар барысында ептілікке,  мергендікке,  ұқыптылыққа,  сергектікке баули білді.
Дүйсенбінің арайлы таңы жылы ұяда,  ұлттық киіммен қарсы алған тәрбиешілердің әсем үнімен ұлттық қолөнер бұйымдарынан ұйымдастырылған көрмені таныстырумен жалғасты.  Байтакова Алмагуль Булаткановна,  Тастанова Турсунай Усеновна,  Қаршыға Сайлаукул Сламбекқызы,  Оспанова Батила Садвакасова ұйымдастырған.  Осы педагогтар қатарында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде Қазақстанның әр өңірінен Елордаға жиналған шеберлер құрақ көрпе тігіп Гиннесс  рекордтар кітабына енген еді. Сол шеберлер қатарындағы   арнайы сертификат иегері, балабақша тәрбиешісі Мажитова Гаухар Қыдырбайқызының өнерімен еңбегін бөлек айта кеткен жөн.
     
Ата ана тәрбиесі терең. Ата аналық сүйіспеншілік пен қамқорлық толы болса баланың көпшік ортада өзін ұстай білуі қалыптасады. Отбасын педагогикалық процеске тарту тәрбиешіге деген құрметтің артуы,  сеніммен қарауына бірлесе жұмыс жасауға ынталандыруға әкеледі. Міне,  мені қуантқан тағы бір тұс сөзімнің дәлелі музыкалық залда ата аналардан құралған ансамбль қарсы алды. Өнерлі ата аналардың орындауындағы  тамаша күй көңіл терберді.
Көшпенділер ойындарының символы торсық толы су әкелінді. Тақырыпқа сай жақсы ойластырылған.   Өнерлері балапандарды баулып жүрген музыка жетекшісі Стамғазы Акнур Ерлановнаның шәкірттері
Темиржанова Сезім, Хамидулла Дария, Орынбай Раяна, Рустам Жания,  Тазабек Нурия, Артықбай Айым жетігенмен «Бүлдірген» халық әнін орындағанда өшкеніміз жанғандай болды.
Мухамедқали Алдияр, Хамидулла Дария, Нарикбай Әділет, Ғаділбек Алан,  Муратбек Нұрила, Ермек Айсара, Талғат Батыр,  Жанарбек Имир, Бауыржан Амина, Сабыржан Адия, Мейрамқызы Айзере,  Кумырлык Аяжанның балалар оркестрімен орындаған «Біз өмірдің  гүліміз» музыкалық орындауы еріксіз қол соқтырды.
Музыка жетекшісі биші  Орынбасар Жаңылай Джангелдіқызының жетекшілігімен кішкентай бишілеріміз Тағайбек Айнамкөз, Азамат Айлин
Айжарқынова Амира
Темиржанова Сезім, Нарикбай Әділет
Ғаділбек Алан, Орынбай Раяна, Сержан Көркем
Талғатұлы Нуриманның «Текемет биі» семинар тақырыбын аша түсті. Семинарға арнайы қатысқан
ҚР Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығының вице-президенті Шотаев Махсат Есенбекұлы ұлттық ойындардың мән маңызы,  әлемге кеңінен танылған Тоғызқұмалақ ойыны жайлы тамаша түсіндірді.  Ғылыми жетекші мен өз саласының мамандарынан бағыт бағдар алып,  пікірін тыңдай білу жасаған жұмыстың өміршеңдігіне апарады.

Семинардың негізі бөлімінде қазақтың ұлттық ойыны астықтың сан түрі ойыны көрсетілді


«Бес кеней» ұлттық ойынын Мухмедқали Алдияр, Дәулетжан Айсұлтан
денешынықтыру нұсқаушысы Смадьяр Сырлан Бейсенбайұлымен бірге
«Үш асық» ойынын Жұмажан Жантөре
Балабақша әдіскері Сагынганова Мереке Жасаганбергеновнамен
«Зерек» ойыны:
Кумырлык Аяжан
тәрбиеші Мадишова Құндыз Нұрсұлтанқызымен
«Шертпек»,  «Бес атар» ойынын
балабақша әдіскері Рахимжанова Айжан Бауржановна Жұмажан Жантөремен бірге көрсетті.
«Қалашық»  ойынын
Жұмажан Жантөремен
денешынықтыру нұсқаушысы Кусаинова Дәметкен Боранбековна
«Қазан Асық» ойынын Әбдіқалы Әнуар, Қуанышбай Адия, Орынбай Раяна, Талғатұлы Нуриман
Қазақ тілі педагогі Байтакова Алмагуль Булаткановнамен
«Алаңдағы бестеше»: Тағайбек Айнамкөз, Азамат Айлин, Айжарқынова Амира, Темиржанова Сезім, Батырбек Бекарыстың қатысуымен
денешынықтыру нұсқаушысы Кусаинова Дәметкен Боранбековна керемет тартысты өткізді. Балалардың ойлана бірлесіп жұмыс жасай алатынының куәсі болдық. Семинар соңында
«Алаңдағы бестеше» ата-аналармен   семинарға қатысқан педагогтар арасында өтті.
Жумажанов Жантөре әжесі,  Боранбаева Серикгул Серикбаевна,
Темиржанова Сезім анасы,  Шаймуханбетова Жанар Балтабаевна,
Тағайбек Айнамкөздің
анасы Қожанова Тәттігүл Қаржаубайқызы ойнап семинардың ауқымын арттырды. Ата-ана, бала,  балабақша болып бірлесе жасаған берекелі жұмыстың,  үлгі алар тәрбие-тәлімнің куәсі болдық.  Осы жайлы өзінің жылы лебізін білдірген мектепке дейінгі саланың жанашыры,  білікті ұстаз Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, п. ғ. к Жумабекова Фатима Ниязбекқызы өзінің оң бағасын берді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтай білетін білімді,  өнерлі тәрбиешілерден құралған  балабақша ұжымына әр бастамаға қолдау білдіре алатын балабақша меңгерушісі Домова Арайлым Нурсеитовнаға,  әдіскерлерге алғысын білдірді. Сөзді
Астана қаласы дене шынықтыру ассоциация төрайымы Амантай Динара Мұратқызы жалғап семинардың өз дәрежесінде өткеніне оң бағасын берді.  Еңбектің бағалануы әрқашан ұстаз үшін үлкен құрмет.  Шотаев Мақсат Есенбекұлы балабақша әдіскері Рахимжанова Айжан Бауржановнаға арнайы Алғыс хат табыс етті.  Семинар қонақтарына басқа балабақшалардан келген педагогтарға ұлттық ойындар жайлы толық ақпарат жазылған дайын дидактикалық ойындар жинағы табыс етілді.
Мақсаты айқын,  қадамы нық,  береке бірлігі жарасқан ұжымға көңіл толып тарқастық.  Елдің ертеңі ұл-қыздарымызды ана тілінің нәрімен сусындатып,  жүрегіне ізгіліктің нәрін сепкен,  ұлттық тәрбиені ұлықтай білген осындай білім ордалары барда қазақтың үміт шырағы сөнбесі анық!

Астана қаласы
Білім айнасы
Әлия Ғалымбекқызы

5 комментариев

  1. Ұлттық нақыштағы ойындарды жаңғырту мақсатында үлес қосатын семинар

  2. Дарина Ерікқызы

    Балабақшадағы құндылыққа бағытталған іс-шара балалардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Мұндай іс-шаралар балалардың мейірімділік, адалдық, достық, өзара көмек және жауапкершілік сияқты негізгі құндылықтарды түсінуіне көмектеседі. Олар балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және қоршаған ортаға деген оң көзқарасты дамытуға ықпал етеді. Құндылықтарға негізделген іс-шаралар балаларға ерте жастан-ақ қоғамдағы рөлін түсініп, өзіндік жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар балалардың эмоционалды дамуын қолдап, өз сезімдерін басқару және басқа адамдардың сезімдерін ескеру дағдыларын үйретеді. #70 “Құлыншақ” балабақша ұжымына алғысымыз шексіз!

  3. Исаева Кымбат

    Әр баланың өмірінде балабақша , тәрбиешілер рөлі өте маңызды. Тәрбие тал бесіктен демекші ата аналармен бірге тәрбиені балабақша тәрбиешілері де беріп , баланы біліммен сусындайды. Осы тұста ұлттық нақышта ойындао өткізіп , балалардың рухани жаңғыруына бірден-бір септігін тигізді деп ойлаймын! Өзңн тану , өз ұлтын тануға салынган жолдардың бірі деп ойлаймын . #70 балабақша ұжымынп көп алғысымды білдіремін. Әр балаға мейіріммен қарап тәрбие беріп өсіріп жатқан тәрбиешілерге көптен көп рахмет. Нақтырақ айтсам , оның ішінде Алмара Булатовна мен Жаннұр Есенбекқызына алғысымыз шексіз! Әр бір күн тәрбие барысында , болашағымыз балалар деп , көп еңбек сіңірді. Әр балаға ерекше махаббатпен қарап , біліммен қатар ұлттық тәрбие сіңіре білді. Еңбектеріңіз жансын!!! Алғысымыз шекшіс!!!

  4. Құрметті балабақша ұжымы, балаларымызға жақсы білім және тәрбие беріп, соңымен қатар ұлттық дәстүрімізді үйретіп,көрсетіп жатқандарынызга алғысымыз шексіз. Осындай іс шаралар көп болсын, Отанға деген сүйіспеншілік арта берсін. Жумыстарыңыздың берекесі мол болсын, сәттілік тілеймін!

  5. Сағила Өмірқұлқызы

    Осы семинарға ата-ана ретінде қатыстым. Өте жоғары деңгейде өтті.
    » Тілім менің тірлігімнің айғағы, тілім барда, айтылар сыр ойдағы!» — демекші ең алдымен балабақша өмірін ана тілімізде жазып, жанашырлық танытып жүрген Әлия Ғалымбекқызына алғыс білдіремін.
    Қазақтың салт-дәстүрін ұлықтап, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық ойындарды жаңғыртып, балабақшадағы балаларды сол ойындармен таныстырып, ойнатып, қазақи болмысты сақтай отырып, білім нәрімен сусындатып жатқан 70 Құлыншақ балабақшасының ұжымына үлкен алғыс айтамын. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Шәкірттеріңіз биіктерден көріне берсін!
    Ел ертеңі жастардың қолында! Балаларымыз қазақ тілінде сөйлеп, қазақтың салтын ұстанып, қазақтың ойынын ойнап өссе ҚАЗАҚ ұлты жойылмайды. Қанымыз қазақ, жанымыз қазақ, жүрегіміз де қазақ деп соғуы тиіс.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.