Еспенбетова Нургуль Султановна,
Жамбыл облысы Тараз қаласы
№45 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
«Ұстаздар — құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты»
Әл-Фараби
Заман. Қоғам. Уақыт. Тұлға. Жиырма бірінші ғасырда осы төрт ұғымды біріктіруші ұлы күш иесі-мұғалім. Сынаптай тез жылжыған уақытпен тез өзгеретін заманда қоғамына сай тұлға тәрбиелеу мұғалім басты міндеті.
«Оқушының жетістігі — мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануда». «Ұстаздық ұлы іс»-деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай, лайық болу- үлкен абырой, басты борышым деп ойлаймын. Мұғалім болу мен үшін мақтан, әрі бақыт. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да, амал тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа 21-ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Педагогтың шеберлігі-ол дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,-дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті. Сондықтан да мен жаңашылдықты әрдайым қолдаймын! Өзімді әрбір сәтте новаторлыққа тәрбиелеудемін.
Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы-ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез-келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде , жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса- оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс»-деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.