Home » Мақалалар » «Бестемше» ұлттық ойыны-бала бойына  ұлттық құндылықтарды сіңірудің бір жолы

«Бестемше» ұлттық ойыны-бала бойына  ұлттық құндылықтарды сіңірудің бір жолы

Қазақ  халқының  санадан өшіп,  ұмыт  бола  бастаған  ұлттық  ойындары  көп.  Солардың  бірі  4000 жылдық  тарихы  бар,  тоғызқұмалақ  ойынына  ұқсас, бес  таспен  ойналатын  «Бестемше»  ұлттық  ойыны. Бала  бойына  ұлттық  құндылықтарды  сіңіру  бүгінгі  тәлім  мен тәрбиенің алғы шарты.  Осы мақсатта балабақша қабырғасынан бастап  ұлттық  құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің бір жолы —ұлттық ойындарды насихаттау.

Мағынасы терең,  баланың жүйелі ойлануына,  ортада ойын  жеткізе білуіне,  қол  маторикасын дамытуға септігін тигізетін ұлттық ойын бестемше ойынының балабақшаларда қолданысқа кіруі қатты қуантады.  2020 жылдан бастап,  Астана қаласындағы балабақшаларда енгізілген ойын қазақ балаларымен қатар өзге ұлт өкілдері балаларына да ұнап қалғаны шындық.  «Білім беру бағдарламасына бестемше ойнауды үйрету үйірмелері»  енгізіліп,   арнайы кабинет ашылып жатқан балабақшалар қатарында   ұлттық байлығымызды көрсетуді жөн көрдік.  Мақсатымыз—мәдени мұрамызды,  тарихымыз  ұрпақ санасында жатталуы тиіс.

Ағымдағы жылдың 15-ші мамыр күні өзім басшылық жасайтын Ақмола облысы Целиноград ауданы «Күншуақ» бөбекжайында ойға алған  «Бестемше» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.  «Мектепке дейінгі ұйымда «Бестемше» қазақ ұлттық ойынының жандануы» атты аудандық семинар қатар өткізілді.Қолдау мақсатында және семинардың тақырыпқа сай ашылуына өздерінің құнды пікірлерін айтуға   арнайы қонақтар  шақырылды.  Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысы Искаков Сейфулла Абдуович, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, филология ғылымының кандидаты, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шотаев Мақсат Есенбекұлы, сонымен қатар Дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті Куланова Құралай Кадыровна,  Целиноград ауданы білім бөлімінің әдіскері Жанауова Гульвира Серикбековна, Целиноград ауданы бойынша бөбекжайлардың меңгерушілері мен әдіскерлері келді. Семинарымыз  дүниежүзілік тоғыз құмалақ федерациясының вице-президенті Шотаев Мақсат Есенбекұлының баяндамасымен  басталды.  «Бестемше» ұлттық ойынының шығу тарихын тереңірек таныстырды.

Балабақшамыздың би жетекшісі Қайыржанова Дана Рақымжанқызының шәкірттерінің шеберлігімен қойылған  этникалық пролог биі көпшіліктің көңілінен шықты.   «Бестемше» кабинетінің ашылу салтанаты  болды. Қонақтарға  балабақшамыздың дене шынықтыру нұсқаушысы Байканова Кунсулу Дюсенбиевна бөбекжай меңгерушісі Кулымбетова Айгул Конысбековнамен  бірлесе  құрастырған «Бестемше» жұмыс дәптерін ұсынды. Жасалған еңбекке  Шотаев Мақсат Есенбекұлы жоғары бағасын берді.  Дәптер авторларын биылғы жылдың тамыз айында  Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өтетін   Халықаралық бестемше турнирында жұмыс дәптерін ұсынуға шақырды. Келесі кезекте  семинар жоспары бойынша қонақтар екі топқа бөлініп бестемше ұлттық ойынының элементтерін пайдаланып, ұйымдастырылған іс-әрекеттерге қатысты. Бестемше ойын элементтері арқылы танымдық және коммуникациялық  дағдыларды дамыту жолдарын көрсету мақсатында: Педагог-эксперт Амантаева Айгул Балтаевна математика негіздерінің «Сандар құрамы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.

Жас тәрбиеші Карамулдина Сулушаш Темірханқызы сөйлеуді дамыту «Асық арқылы бестемше тақтайшасын ұйымдастырылған іс-әрекеті пайдалану» тиімділігімен «Күншуақ» бөбекжайының педагогтарының бірлесе отырып ойлап тапқан авторлық методикасымен таныстырды. Семинардың келесі кезеңінде келген қонақтармен «Мұрагер» мектепалды тобының тәрбиеленушілеріне қарсы  «Бестемше» ұлттық ойынның турнирі өткізілді. Қонақтар тәрбиеленелушілердің ойнау шеберлігіне тәнті  болды.

Басқосу соңында мектепалды «Мұрагер» тобының тәрбиеленушілері «Күншуақ» бөбекжайның музыка жетекшісі Смагулова Гулдана Аскаровнаның  «Кел, ойнайық бестемше» атты авторлық әнін шырқады. Қонақтарымызды ризашылығына бөленген  педагогикалық ұжымның шеберлігіне,  бірлесе жасалған жұмыстың оң нәтижесіне алғысымды білдіремін.

Бәсекеге қабілетті  ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбегімізге ұлттық ойындарымыздың қосар үлесі зор.  Оған дәлел әлемнің бірқатар елдері қолданысқа енгізген баланы зияткерлікке,  талғампаздыққа,  есте сақтауға,  қажетті ақпаратқа назар аударуға,  дұрыс шешім шығаруға,  жоспарлай алуға мүмкіндік берген қазақтың ұлттық ойыны осы «Бестемше».  Ұлттық құндылықтарымызды бағалай білейік.

 

Кулымбетова Айгуль Коныспековна,
Акмола облысы Целиноград ауданы
МКҚК «Күншуақ» бөбекжайының меңгерушісі

2 комментария

  1. Гүлдана

    Өте керемет жазылған мақала

  2. Айгерім

    Оте керемет! Толағай табыс тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.