Home » Мақалалар » Ежелгі дәуір әдебиет үлгілерінің қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңыздылығы

Ежелгі дәуір әдебиет үлгілерінің қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңыздылығы


Сариева Ғалия Сергеевна
Астана қаласы әкімдігінің
«Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия» ШЖҚМКК
қазақ тілі мен  әдебиет  пәні мұғалімі

 Ежелгі дәуір әдебиет үлгілерінің қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңыздылығы.

Ежелгі дәуір әдебиетіндегі шығармалардың берер тәрбиесі мол. Көне түркі тайпаларынан қазақ халқына дейінгі айналу процесіндегі оқиғаларды осы шығармалардан көре аламыз. Бұл шығармаларда қазақ халқының ғасырлық тарихы жатыр. Бұны оқыған бала өз халқының тарихын, салт-дәстүрін, тәрбиесін жетік біліп, ұғынады.

Ежелгі дәуір әдебиет (V ІІ-ХІ V ғғ) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру – тайпаларына ортақ Орхан ескерткіштерін (VІІғ), Қорқыт (VІІІ ғ) және Оғыз-наманы (ІХғ) айтамыз. Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бирулин, Махмуд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырды.

Аталған ғұламалдар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүине жүзі ғылымын дамтыуға үлкен үлес қосқан.

Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы VІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті VІ-Х V ғасырлар аралығын қамтиды деп жарнамалайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Осы көне заманда өмір сүрген Қорқыт ата VІІІ ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді.

Таңдау  курсының  бағыты – оқушыларды белгілі бір пәнге  тұрақты  қызығушылығын, біліктілік дағдыларын қалыптастыру. Осы курс арқылы оқушының қызығушылығы мен қабілетін, материалдарды меңгерту деңгейін анықтауға  тиімді жағдай жасау. Таңдау курсының бағдарламасы төмендегі міндеттерді шешуге  көмектеседі.

Мақсаты:

  1. Заман ақиқатын қалпына келтірген ұлы бетбұрыс кезеңінде ежелгі дәуір әдебиетімен кең түрде танысуға мүмкіндік беру;
  2. Ежелгі дәуір әдебиеті мен бүгінгі қазақ әдебиетінің сабақтастығына көз жеткізу;
  3. Көне жәдігерлерді, ата – бабамыздың рухани асыл қазыналарын бағалай білуге, көздің қарашығындай сақтай білуге тәрбиелеу;
  4. Оқушыларға кәсіби бағдар беру, жан – жақты, білімді, қабілетті тұлға қалыптастыру.

 Міндеттері:

  1. Ежелгі дәуір әдебиетіне қатысты білімдерін кеңінен меңгерту;
  2. Әдебиетті таңдаған оқушылар үшін тиімділігін арттыру;
  3. Ежелгі дәуір әдебиетін оқыта отырып, оқушылардың біліктілік дағдыларын қалыптастыру;

Қай халықтан болмасын  әдебиет тарихы  сол халықтың     қоғамдық – әлеуметтік  тарихымен тығыз байланысты. Біз қазақ әдебиетінің    түп – төркінін танып – білу үшін, төл тарихын тереңірек зерттеуіміз қажет. Халқымыздың атадан  балаға мұра болып келе жатқан асыл қазынасын қастерлей білсек, еліміздің егемендігін нығайта беруге ықпал етеміз. Ежелгі дәуір әдебиеті көне тарихтың куәсіндей бізге жетті.

Көне  жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтай білсек, өз ұлтының  қадір – қасиетін бағалай білетін  білімді де қабілетті тұлға тәрбиеленеді.

Ежелгі түркі әдеби жәдігерліктері жөнінде мағлұматтар алу барысында рухани мұраға деген көзқарасын айқындайды. Болашақ әдебиетшілерге бұл курстың көмегі тиері сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.