Home » Мақалалар »     Абай- шығармалары өшпес мұра

    Абай- шығармалары өшпес мұра

Қызылорда облысы М.Мәметова атындағы
  педагогикалық жоғары колледжінің қазақ тілі
    әдебиеті пәнінің оқытушысы
    Тютебаева  Жанар Усенбекқызы
     Абайды тану, Абайды оқу ең алдымен өз-өзіңді тану, өзіңнің жүрегіңе сену.
 Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,
 Әуре етеді ішіне қулық сақтап
 Өзіңе сен өзіңді алып шығар
 Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

      Ұлы ойшыл Абай атамыздың өз шығармаларында Алланы сүюді,адамзатты сүюді әділетті болуды «иман гүлі»деп сипаттайтыны тегіннен тегін емес. «Өнегелі өмір сүру үшін әрбір адам баласы ең алдымен алланы сүю, екінші адамзатты бауырым деп сүймек керек»делінген.     Ақын шығармаларына үңілер болсақ, құпия әлемге кезігеміз,неғұрлым Абайға жақындасақ соғырлым мынау жарық дүниенің бағасына жетеміз. Ақын шығармаларында адам баласын еңбекқорлыққа,білімге өнерге,қарапайым адал бауырмал болуға  жауапкершілікті терең сезінетін толық  адам болуға үндеген. Сонымен қатар халықты жақсылыққа үндеп қана қоймастан қоғамның барлық саласы туралы ой қозғап отырған.  Қоғамдағы келеңсіздіктер, бай мен кедей арасындағы әділетсіздіктер,мансапқұмарлықты сынап, еріншек,жалқаулық,рақымсыздық туралы шығармаларында келтірген.        Президентіміз Қ.Тоқаев мырзаның «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан атты мақаласында ұлы ақынның  175 жылдық мерей тойына ауқымды іс-шараларын мейлінше жоғары деңгейде аталып өтілсін деп жоспарлаған болатын.Мұндай шаралардың мақсаты ой-өрісімізді кеңейтіп рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өте қажет .
Абай есімі қазақ халқының ұлттық санасының оянуымен рухани қайта жаңғыруының қоғамның ,өркениеттің,әлеуметтік әділдіктің сипаты.Ақын  қай салада болмасын, ол мейлі поээзия,музыка,қоғамдық салада өшпес шығармаларымен танымал.Ұлы кемеңгер ақынның шығармалары болашақ ұрпақ үшін сарқылмас қазына. Сол үшінде әрбір отбасында,білім ордасында  Абай шығармаларын насихаттала бермек.!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.