Елімізде тажал белгісі табылғанда, барлығымыздың абдырап қалғанымыз анық. Ертеңгі күнге қорқынышпен қарадық. Ел болып, бұл қиындықты да еңсеруге жақындап қалдық.
Осындай кезеңде Президентімі Қасым Жомарт Тоқаевтың оңтайлы шешім қабылдап, ұстаздар мен ата-аналарға орайын келістіріп берді. Қазіргі таңда ұстаздарымыздың көбісі әр баламен жеке жұмыс істеу үстінде. Оны анық аңғаруға да болады. Себебі мессенжермен түсінбей қалса, жекемізге де шығып жатады. Сондықтан қашықтықтан оқытуға үйреніп те қалдық.
Қашықтықтан оқыту ерекшеліктеріне тоқтала кетсем:
Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы — оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімін жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл — басқарылмайтын үрдіс. Әйтседе, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:
- Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;
- Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;
- Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;
- Автоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;
- Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, эксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.
Білім беруде ақпараттық технологияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:
- Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;
- Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;
- Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;
- Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларына оқу жоспары мен бағдарламалар мазмұндарының сәйкес келуі.
Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар — берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.
Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.
Бұл ақпараттар тек студенттер үшін арналған болса, осы жүйе мектептерде қолданылып жатыр.
Гүлғайша ӨТЕПБЕРГЕНОВА,
№84 негізгі мектебінің бастауыш
Пәнінің мұғалімі.