№84 негізгі мектебінің бастауыш
пәнінің мұғалімі
Гүлғайша ӨТЕПБЕРГЕНОВА
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар!
Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бірлік – берекенің бастауы» атты жиынымызға қош келдіңіздер:
І жүргізуші:
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.,- дей келе №84 негізгі мектеп директоры Ахет Гүлжахан апайға сөз кезегін береміз…….
ІІ жүргуші: қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Көші-қонның зерделенген тарихтың, Тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, — деп сөзді лицейіміздің тарих пәнінің оқытушысы Мұстафаев Ербол ағайымызға берейік. Тарихшы «ХХ ғасырдың бас кезі мен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші-қон саясаты», «КСРО-ның 1937-1991 жылдар аралығындағы көші-қон» туралы материалды баяндайды.
Ұлттық би
І жүргізуші:
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Оқушылар өлеңдер оқиды.
1-оқушы
Бірінші мамыр той-тойлап,
Қарсылаймыз бәріміз.
Көп ұлтты тату-тәтті халықпыз.
Бізге тәнті қызығады бар әлем,
Болашақтың ұрпағы ұланымын.
Еліменен мәңгіге мақтанамын.
2-оқушы
Бейбітшілік туымыз,
Желбірейді мәңгіге.
Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
3-оқушы
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным — Қазақ елім.
ІІ жүргізуші:
Өзбек биін тамашалаңыздар!
І жүргізуші:
Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
ІІ жүргізуші:
Құрметті қонақтар би тамашалп болсақ, ендңгң кезекті қойылымға берелік. Оқушылар сахнаға шығып, өздерінің дайындаған бейнелерін сомдайды.
І жүргізуші:
Бірлік бар жерде, тірлік те бар. Сондыұтан еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын. Егемен ел болып еңсемізді тіктегелі талайды еңсердік. Сондықтан ендігі жерде береке мен бірлікті бірінші орынға қойып, жұмыла көтерген жүк жеңіл демейді ме? Бірлігіміз арта берсін!
САУ БОЛЫҢЫЗДАР!