Манғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№2 жалпы білім беру орта мектебі
физика пәні мұғалімі
Отегенова Ақсырға Кенжегалиевна
Бүгін елімізде болып жатқан жағдайларға және заман ағымына байланысты білім алудың түрлі тәсілдері шығып жатыр. Олардың бәрін бірдей тиімсіз деп айтуға болмайды. Соның бірі ретінде қашықтықтан білім берудің жүйесін айтуға болады. Қашықтықтан оқыту білім беру технология-лары «online», «offline» режимінде өткізуге негізделген. Телеорталықтар арқылы, «Балапан», «Еларна» каналдарында ұйымдастырылған видео-сабақтар оқушылар үшін ең тиімді тәсілі деп айтар едім. Себебі, теледидар барлық үйде бар болғандықтан қолжетімді. Негізі қашықтықтан оқытуды төрт бөлімге сүйеніп білім берсек, оқушыға тиімді болады. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, мотивация беру. Себебі, мектеп оқушыларына тақырыпқа байланысты тапсырманы беру үшін жүйелеп, күрделі емес түрінде түйінді мағынасын алатындай етіп жоспарлануы керек.
Сабақ жоспарлаудан кейін оны өткізуді ұйымдастыру керек. « WhatsApp», «Bilim Land», «mektep edu», «Daryn onlіnе» арқылы ұйымдастыруға болады. Оқушы үй жағдайында уақытында қатысып сабақ үдерісімен қатар талдау жұмыстарына ілесіп отыруға ата-аналар тарапынан жағдай жасалу қажет болады. Себебі үйде баланың қасында ата-ана бірге болады. Ата –ана сабаққа баланың белсенділігін бірден бір бақылайтын адам. Бақылау жасап қаншалықты баланың қызуғышылығы бар, уақытында сабаққа дайын ба, уақытында байланысқа шығуға мүмкіндіктер бар ма, баланың денсаулығы қандай деген сұрақтарға жауап беретін ата-ананың жауапкершілігі бүгінгі күні артып отыр. Ата-ана, мектеп, оқушы үштігі бірігіп байланыста болған жағдайда нәтижелі, сапалы білімге қол жеткізуге болатыны түсінікті.
Мен өзім 10«А» сыныбына жетекшілік етуіме байланысты ата-аналардан бүгінгі төтенше жағдайларға байланысты оқушылармен жұмыс жүргізулері туралы сауалнама алдым. Сауалнама қорытындысын шығару арқылы ата-аналардың қашықтықтан оқыту барысында туындаған кедергілер мен позитив тұстары анықталды. Олар: қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстарын ұйымдастыруда түсінбеушілктердің пайда болуы, тек қана телеарналар арқылы сабақтарды көруге мүмкіндіктерінің қөлжетімді екендігі, «WhatsApp» арқылы мұғалімдермен кері байланыс жасауға болатындығы анықталды. Ата-аналар жиналыстары желі арқылы өткізілуде. Сынып оқушылары мен инстаграмда @tarbie_bilim жабық парақшасында сынып сағаттарын өткізудемін. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып отыру арқылы тікелей жауап ала алады. Сыныптың ұраны «Біз біргеміз, Біз үйдеміз, Біз бір сыныппыз, Біз бір-бірімізге керекпіз, Біз бір-бірімізге көмекпіз!». Оқушылардың әрбірі өз үйлерінде отырса да, бір-бірінен қашықтықта болса да осы ұранмен байланысты үзбей білім мен тәрбие алуды жалғастыруда.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушыларының қашықтықтан білім алуы ұйымдастырылғандықтан балаға мотивация беруді де ескеруіміз керек. Желі арқылы мұғалімдердің және ата-аналардың оқушыларға мотивация беріп отыруы өте маңызды. Себебі баланың психологиясына жағымды әңгімелер, жағымды мадақтаулар қажет.
Қашықтықтан оқыту барысында осы төрт бөлімді, яғни, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және мотивация беру мұқият орындалған жағдайда қашықтықтан оқыту нәтиже береді деп ойлаймын.