Жаңаөзен қалалық
білім үйлестіру орталығының әдіскері
Қаршығаева Бақтыгүл Дәлубайқызы
Соңғы бір айда Қазақстандағы білім беру
жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып,
қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәрбие мен білімнің
қадіріне жетіп түсінудің тиімді құралына айналып
отыр.Осы орайда Жаңаөзен қаласының білім беру
ұйымдарының қашықтықтан оқытуды дұрыс
ұйымдастыруы жетекші рөл атқаратыны сөзсіз дер едім.
Қаламыздағы және іргелес жатқан Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарындағы мектепалды даярлық топтарының негізгі үш пәнді жоспарлап өткізудегі соңғы үш аптаның жұмыс нәтижесін анализдей келе, қашықтықтан оқытудың тиімді жақтарына тоқталып кеткенді жөн көрдім. Бұл мақаланы жазғандағы мақсатым, жасалынбағанның бәрі жақсы жаққа жетелейді,- деген пікірді қалыптастыратын секілді. Өйткені қашықтықтан оқуға да әбден төселіп қалғандаймыз. Тәрбиешілер үнемі ізденіс үстінде ақпараттық технологияның қыр-сырын үйреніп, сабақтарын түрлендіріп өткізуде. МАД топтарындағы тәжірибелі мамандар мен жас мамандардың өзара тәжірибе алмасуы күшейді. Ата-аналардың да өз балаларына деген жауапкершіліктері артып келеді. Балалармен кері байланыс жүргізуде өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс әдіс-тәсілдерінің жоғары деңгейде жүзеге асып жатқандығы қуантарлық жағдай. Әр ата-ана өз баласының қабілетін, деңгейін жақсы біліп, түсініп отыр. Бір қызығы бұған дейін күнделікті топта отырғанда орташа деңгейдегі балалардың қазіргі офлайн режиміндегі сабақтарды қабылдауы, зейіндерінің ашылуы, қызығушылықтарының артқанын тәжірибеде байқап отырмын. Яғни, Абай атамыздың үш одағы (ұстаз,ата-ана,бала) өз жемісін беріп жатыр деген сөз. Осындай жүйенің аясында компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз тәрбие мен білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Сондай-ақ жұмыстардың нәтижесінде білім беру ұйымдары әлеуметтік желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, тәрбиелеу мен оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет деп есептеймін.