ФАТИМА НҰРАБЕКҚЫЗЫ,
Төретам кенті, № 80мектеп-гимназиясының
Бастауыш пәнінің мұғалім.
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский
Әрбір бала үшін ата-ананың өзіне көңіл бөлгені ұнайды. Әсіресе өз ортасында ата-анасының, жиналыстарға келіп, өзін мақтап, ол үшін алаңдаушылық білдіретіндігі оқушы үшін жетістіктердің бірі болып саналады. Қандай Ата-ана болсын, балаласының биіктен көрініп, талайды шаң ұаптырып, білік де білім өрен болғанын қалайды. Олар ішкі түйсікпен түсінісе білуі тиіс. Адамдар сан түрлі. Оларға белгілі бір тұжырымдар арқылы түсінік бере алмайсыз. Дегенмен оқушы мен ата-анасы, сонымен қатар ұстаздың тығыз байланыста болуының маңыздылығын айтуға болады.
Ата-анамен тығыз байланыс орнату мынадай жетістіктерге алып келеді:
- Оқушы үлгерімініңжоғарылауы
- Сабаққа ден қойып, сотқарлыққа жол берілмейді
- Оның болашағы жарқын
- Білімді болады
- Көпшілік арасында өзін қолайсыз сезінбейді
- Өзіне деген сенімі артады
Міне дәл осы аталған нәтижелер көрсететінін анық. Сондыұтан ата-анамен жиналыс немесе еркін форматта кездесулер өткізе білу қажет. Сонымен қатар әрбір ата-ана баланың тек материалдық қажеттіліктерін ғана өндіріп, тауып беріп қою жеткіліксіз болады. Оны т.сіге және түйсіне білу керек. Сонда ғана ол баланың болашағынан зор .міт күте аласыз. Көп жағдайда анасына ғана ысырып қою ең үлкен қателік. Әкенің орны тым бөлек болады. Әсіресе ер балалар үшін. Неге десеңіз? «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз» өсер демейді ме? Біз дәл осы тұста ақсамауымыз керек деп ойлаймын. «Тәрбие тал бесіктен» отбасында көргенді ұл мен қыз тәрбиелеп, олардың болашағын бұлыңғыр еткіміз келемесе ата-ана мен ұстаздар арасындағы тығыз байланыс орнатуға тиістіміз.