Мұнайлы ауданы
№ 11 жалпы білім беру
Орта мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Калилаева Рыскаль Сагимбаевна
Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын өмірдің өзі бізге үйретуде. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек. Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл елді дүр сілкіндірді.Еліміздегі болып жатқан жағдай бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық сондықтан ең үлкен өзгеріс мектептердің қашықтан оқуға көшуі. Дегенмен іштегі қорқыныш үрей сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау мұғалімдер үшін маңызды. Білім беру бұл ел болашағы. Сондықтан қазіргі жағдайда сапалы нәтижелі білім беру біздің мақсатымыз, десекте бізIV тоқсанды қашықтан оқыту барысында бастап кеттік. Біздің оқушыларымыз да, ата-аналарымызда, қашықтан оқуға үйренісіп кетті. Әрбір ата-ана баласының сабағына жете мән беріп қадағалауда. Осы уақыт ішінде қашықтан оқытудын тиімді жақтарын бар екенін түсіндік. Әрбір оқушы ізденіп кітап оқып мұғалімге кері байланыс жасау арқылы білімдерін жетілдіруде.
Қашықтан оқыту тек қана мұғалім мен оқушының арасында тығыз байланысты күшейтіп қана қоймай, ата-ана арасында тығыз байланыс күшейе түсуде. Бұл біріне тиімді болса, біріне тиімсіз де болар! Бірақ бұл шаралардың барлығы сіздің денсаулығыңыз үшін екенін естен шығармауыңыз керек. Індет уақытша нәрсе ал,білім мәңгілік. Әрбір уақытымызды тиімді пайдалануымыз керек! Жұмыла күш біріктірсек бұның барлығын жеңіп шығарымыз анық,сондықтанда; қиын кезеңде үйде болып, қашықтан білім алуға бар күшімізді салайық. Осылай біз барлық қиыншылықты жеңеміз.