Home » Айтарым бар » Хәкім Абай және Қашықтықтан оқыту.

Хәкім Абай және Қашықтықтан оқыту.

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
география пәні мүғалімі
Ыхласов Серік

 

«Білім- ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек.

 Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас».

Абайдың отыз екінші қара сөзі.

Өз мақаламда Хәкім Абайдың кезінде індет жайлы айтқан ой пікірілеріне сүйене отырып ой қозғауды жөн көрдім..

Індеттің бірнеше түрлерінің ерте заманнан бар екендігі баршамызға аян.. Бұл жайт бірнеше жылдардың немесе бірнеше ғасырлардың өтуімен қайталанып келетіндігіне көзіміз жеткендей.

Хәкім Абай өз заманында осы індет жайында сөз еткені барша Қазақ жұртына мәлім. Ол заманда Оба індетінің тарағандығы — тарихи шындық.

Хәкім Абай індетпен қалай күресті?

» — Бу қалаға (Семей) жаман науқас кепті.

— Құдай ұрған іш ауруы.

— Ар жақ- бер жақтан күнде әлденеше адам өліп жатыр.

— Мәлік келгендей. Шыбындай қырылып жатыр.

— Аты не дейді. Адам естімеген қу науқас бір. Жұрт қашып жатыр қаладан»- деп өз еңбектерінде жазған болатын.

Осы күнде коронавирус дертінің  алдын алуы жайында айтылып жүрген кеңестердің бәрін кезінде Хәкім Абай күні бұрын айтып кеткен екен.

Ол халық арасында дұрыс тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау, қолды ыстық сумен жууды,  сұйық ас ішуді, қарбыз-қауын тәрізді бау- бақша өнімдерін тұтынуға кеңестер берген. Осының нәтижесінде Абайды тыңдаған елдің аман қалғандығы бізге мәлім. Дәл қазір  осы Хәкім Абайдың кеңесіне жүгінуін, әрбір азаматтың міндетті борышы деп білемін.

Өкінішке орай,  бұл күнде төтенше жағдай талаптарына мойынсынбай жүрген азаматтарымыз да баршылық, Алла тағала да «сақтансаң — сақтаймын » — дейді ғой, ал ендеше бүкіл әлемге түгел қауіп төндіріп  тұрған коронавирус (Covid-19) дертіне немқұрайлық танытпай- өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізетіндігін ескере отырып, сақтанайық!

Төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан оқыту мәселесіне тоқтала кетейін.

Қашықтықтан  оқуды- бастапқыда, сырттай курстық семинарларға қатысу мақсатында ғана деп түсінуші едік.

Әлемдегі дамыған елдердің барлық жоғары оқу орындары қашықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, АҚШ-та 1995 жылдан бері пайдалануда.

Біздің елімізде де білім министрлігі тарапынан қашықтықтан оқыту үдерісін іске асыруда жоғары дәрежеде қолдау көрсетуде.

Қашықтықтан оқыту барысында әрбір оқушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі кажет.

Мұғалім оқу үдерісінде қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан- жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үдерісінде үйлестіруші болуы қажат. Осыған орай, мұғалімдердің, оқушылардың және  ата-аналардың жауапкершілігі бұрынғыдан екі есеге артты десек болады.

Мұғалімнің басты міндеті:интернет ресурстарын тиімді пайдаланып, жан- жақты ізденіп сапалы білім беру.

Бастапқыда оқытудың бұл әдісіне мұғалімдердің де, оқушылардың да таңырқай қарағаны жасырын емес, уақыттың өтуімен қашықтықтан оқытуды меңгеріп кеттік. Қазіргі таңда өз оқушыларыңың сабақ үдерісіне бейімделіп, шын ықыласымен қатысып отырғанына іштей қуанасың.

Мұғалімнің қуанышы- шәкірттерің үздік болуы және әртүрлі қиыншылықты жеңіп жеңіске жетуі.

Осы  айтылғандардың шынайлығына дәлел ретінде, кері байланыс кезінде 10 «б» сыныбында  «Салыстырмалы елтау» тақырыбында  Microsft Excel бағдарламасын қолданып, географиялықтар деректер базасын құрастыру жұмыстарынан мысалдар келтірейін.

Исағалиева Аминаның жасаған жұмысы.

TIMSS- 2015 нәтижелері бойынша көшбасшы елдер, географиялықтар деректер базасын құрастыру

Қорыта келгенде, қашықтықтан оқытудың тиімді тұстары; оқушылардың өзбетімен жұмыс жасауына зор мүмкіндік туғызады және әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауына  жол ашады.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі: үйде отырып, оқушыларға нәтижелі білім берумен қатар және Хәкім Абайдың кеңестеріне сүйеніп ел жұртты аман алып қалу.

Әрқашанда еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.