Маңғыстау обысы
Мұнайлы ауданы
«№2 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Копбаева Света Мухамбеткалиевна
Әлемді дүрбелеңге салған індет елімізге де келіп жетті. Бұл індеттің таралуын алдын — алу үшін мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлының «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы шыққан болатын.Сол жарлықтың негізінде Білім беру ұйымдарына, министрлікке қарасты мекемелердің жұмысына, педагогтер мен оқушылардың өзара іс-қимылына, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы жіберілді.Қолымызға осы бұйрықты алғаннан кейін ойымызда сан түрлі сұрақтар туындады. «Біз оқушыларды қашықтықтан қалай оқытамыз?», «Қашықтықтан оқытуға дайынбыз ба?», «Оқушылардың әлеуметтік жағдайы жете ме?» деген үрейлі сұрақтар көкірегімізде қайталана берді.
Еліміздің болашағы –ұстаз қолында. Сондықтан ,бұл жерде бізге,яғни, ұстаз қауымына үлкен міндет пен жауапкершілікті талап етті.Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағына айналған ұстаздарымызды сынақтан өткізу кезеңінде өздерінің білімділігі мен тығырықтан шығу жолдарын көрсететін тұстарынтағы бір сынап алғандай тәрізді…
Қазақта халқында «Көз – қорқақ, қол-батыр» демекші, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының бұйрығы негізінде 3-сәуір күні сынама сабақты өтіп шықтым. Бұл сынама сабақта оқушыларға да,ұстазға да тиімді электронды платформа таңдауымызға жол сілтеді. Бастапқы кезде мұғалім тарапынан да,оқушылар тарапынан да қиындықтар болды. Атап айтсақ, интернет жылдамдығының аздығы, бір үйде бірнеше баланың бір смартфонда тапсырмаларды орындау ,әрине,қиындық туғызды. Мектеп басшысы Ө.Тағанияз WhatsApp желісінде мектеп әкімшілігімен, пән мұғалімдерімен,сынып жетекшілермен ақылдаса келе, Асхат Қанатұлының бұйрығын басшылыққа ала отырып, кедергілер мен қиындықтардың шешу жолдарын қарастырды. Мұғалімдеріміздің қол үшін беру арқылы бір оқушыға смартфон сыйласа,сонымен қатар ұстаздарымыз бен оқушыларымызға мектептегі ноутбук, компьютерлерді уақытша пайдалануға берілді. Осылай кедергілерден біртіндеп шыға бастадық. Бұның өзі мемлекет басшымыз Қ.Тоқаев пен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтыңаз ғана уақыт ішінде мұғалімдер мен білім алушыларды қолдау есебінде халыққа аянбай тер төгу деп білемін.
6-сәуір күні оқу процесі басталды. Мектебіміз оқыту платформаларының ішінен бірауыздан WhatsApp желісін таңдадық. Күнделікті сабақ жоспарын жазуда, тапсырмалар беруде,барлық мүмкіндікті пайдалану арқылы (бейнекөріністер) қайтсем оқушыларымды білім нәрімен сусындатамын? дегеналға қойған мақсат болды.Бұл жерде мұғалім психолог ретінде әрбір оқушының жүрегінен жол тауып, әдіс-тәсілдерімен жаңа сабақ мазмұнын игертуді жұмыстана бастадым. Күнделікті сабақта смартфонның арғы бетіндегі оқушыны өзіме жақын тартып , шәкіртке деген мейірімді төгуге асығамын. Бірде сабақ барысында мінезі тұйықтау оқушым,қашықтықтан оқыту барысында зейінін ашыла бастағанын байқадым. Бұл-мынандай төтенше жағдайда шәкірттерімізді ары қарай шығармашылық жұмысқа жетелеуде құлшынысының оянғанын көргендеймін.«Көш жүреді,керуен түзеледі» демекші, көкірегіміздегі түйткіл сұрақтың күрмеуі шешіліп,жолға қойылып жатырған тәрізді. Мұғалімдер өз елінің жас болашағына тәлім-тәрбие береді,бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды,сонымен қатар қазақ ұлтының,еліміздің қоғамы қалыптасады.
Елімізге төнген ауыр індетке қарамай,заманның көшіне ілесу- жаңалықты тез қабылдап, қоғамның бір мүшесіне айналған ұстаздар қауымының қадірін ата-аналар да түсінгендей. Себебі, әлеуметтік желілерде таралып жатырған бейнекөріністер солардың дәлелі.
Қазақстаннның өркендеуіне,алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына қашықтықтан оқытудың да ықтималдылығы үлкен әсер етеді. Күннен-күнге еліміздің негізгі басымдықтарын осы қашықтықтан оқыту- «Цифрлы Қазақстан » бағдарламасын қолдағандай іспетті.Бұл көшті мұғалімдер қауымы қолдап, әр түрлі технологияда өз шеберліктерін салып, балаға тиімді жолын көрсетуде бар күшін аянбай салып жатыр. Мұғалім тек өз пәнін терең біліп қоймай,мықты психолог пен ақпаратты сауатты болу шарт. Бұл — бүгінгі күннің талабы.
Ойымды қорыта келе,еліміз аман болып, халқымыз жаман індеттен аман-есен құтылып,шәкірттерімізді жылы шыраймен қауыштыруға жазсыншы деп тілеймін.