Алматы қаласы Наурызбай ауданы
№174 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Керимбекова Оразкуль Нурдаулетовна
Қазіргі бүкіл әлемдік пандемия кезеңінде оқушыларды қашықтан оқыту – жағдай талабы болып тұр.
Иә, біз, мектеп оқушылары да, мұғалімдері де сабақтық жүйеде оқу мен оқытудың түрлі тәсілдерін кеңінен қолданып жүрміз десек те , басқа оқыту түрлерін қосымша жұмыстар, балаларды дамыту жұмыстары ретінде қарап қыр-сырына аса үңіліп те көрмеген екенбіз.
Төтенше жағдай барысында онлайн оқыту, қашықтан оқыту керектігі айтылғанда абдырап, «сабақты қалай түсіндіреміз, сонша баламен қалай байланысамыз, кері байланысты қалай іске асырамыз?» деген сан сауалдардан түн ұйқымыз төртке бөлінгені жасырын емес. Каникул кезінде әркім өзінше ізденіп, білім берудің жолдарымен қамдана бастадық.
Оқушы, тіпті бастауыш сынып оқушысы тұрмақ, мұғалімдердің өзі де жаңа ақпараттық технологияның үлкен мүмкіндігін пайдалануда көп нәрсе біле бермейтіндігімізді мойындап, тереңдеп үңіле бастадық, меңгердік. Қазіргі ақпараттық технология жетістіктеріне риза болдық.
Каникул күндері білім саласының еш қызметкері бекер жатпады. Жан-жақтан видео сабақтар түсіріп, желілер арқылылы топтар ашып ортаға салды, бірінен байқалған олқылықты бірі толтырып жаңартып отырды, бір-біріне ой тастады, білім бөлімінің әдістемелік кабинеттері жоспарлау үлгілерін жолдады. Телеарналар мен білім беруге бағытталған интернет- порталдары «Bilimland.kz», «Online mektep», «Daryn.Online», «Shakirt onlinе»,т.б сабақтар түсіріп, қосымша материалдар дайындап өз көмектерін ұсынды. Мұғалімдер өз кезегінде білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқу процесінде пайдаланудың әдістемелерімен терең танысып, өз пікірлерімен бөлісті. Мемлекетіміздің білім беру саласында желілік қоғамдастықтың ерекше белең алып, мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігінің биік бір сатыға көтерілгендігіне шын мәнінде куә болдық. «Көп түкірсе — көл. Көптің алмайтын қамалы жоқ» дегендей мұғалімдердің бағыты анықталып, қоржыны толықты.
Бала біздің болашағымыз, оған еткен еңбегіміз — ертеңіміздің көрінісі. Олай болса, баланың қашықтан білім алуына елімізде ешкім бей-жай қараған жоқ.
Ақпараттық технологиялар орталықтары мұғалімдер дайындаған сабақты жеткізу жолдарын іске асыру барысын үйрету сабақтарын ұйымдастырды.
Жергілікті әкімшіліктер, түрлі қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар оқушыларды қажеттілігіне қарай интернет желілерімен және қолдану құралдарымен жабдықтады. Соның нәтижесінде қашықтан оқыту басталып та кетті. Міне, үшінші апта сәтті аяқталып отыр десек те болады. Оқыту мен оқудың бұл жаңа түріне мұғалім де, оқушы машықтанып келеді .
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырылуымен «Балапан», «Еларна» , «Qazaqstan» теле арналарынан көрсетілген сабақтардың да бала қызығушылығын арттырғаны бір бөлек, ал оны жанұясымен бірге көріп отырып талдай алатындығы бала білімін жетілдіруде мектеп пен жанұя, оқушы үштігінің сабақтастығын арттырып, оқу мен оқыту бағытына өзінше серпін берді деп ойлаймын.
Алғашқы тәрбие сағаты мен ата –аналар жиналысы онлайн өткізілді. Ал сабақ кезіндегі әр түрлі жағдайларды ескергенде қашықтан оқытудың тиімділігі басым болды. Мұғалімдер сабағын сабақ кестесі бойынша белгіленген уақытымен бастап өткені оқушының жинақы болуына, уақытты үнемді пайдалануына, сабақта отырғанына сезінуіне, кейде достарымен пікір алмасуына , кері байланысты дер кезінде қолдануына ыңғайлы екені байқалды..
Ал қашықтан оқытудың бір артықшылығы — байланыс жылдамдығы кешігіп, сол уақытта сабаққа қатысуға бала мүмкіндігі болмаған жағдайда сақталып тұрған сабақтарды,сілтемелерді, түсіндірмелерді, тапсырмаларды қолайлы уақытта орындап, кері байланысын бере алатындығында.
Міне, енді тоқсан басындағы күдіктер мен қорқыныштар сейіліп, оқушыларымыздың білім сапасына, қашықтан оқытудың қай балаға қалай әсер еткеніне сараптама да жасауға мүмкіндігіміз болып отыр. Кейбір оқушыларымыздың қызығушылығы артып, ата-аналардың көбі үйде болғандықтан, ата-аналары тарапынан қолдау күшейіп, белсенділігі артты деуге де болады.
Әрине, қашықтан оқыту – әл қалыптасып болмаған балалар үшін, сыныптағы дәстүрлі сабақтың орын баса алмайды. Дегенмен , бұл оқыту түрі оқушыларымызға да , мұғалімдер бізге де, ата-аналарға да өзіндік сабақтарын берді.
Алдымен мұғалім сабақ отудың әдіс-тәсілін ғана меңгермей заман талабына сай ақпараттық технологияның қыр-сырын меңгерді және жаңалықтан қалмай меңгеру керектігін ол біздің мамандығымыздың бір бөлігі екенін түсінді.
Ал, ата- аналарымыздың бала оқытуға деген жауап кершілігі артты. Ұстаз еңбегін бағалады.
Балаларымыз АКТ құралдары ойын үшін ғана емес , білім алу көзі екеніне көз жеткізді. Білім порталдары туралы білді. Сол білім порталдарында да танымдық ойындар, көрсетілімдер, т. б бар екеніне, олардан өз білімін жетілдіре алатынына сенімі артты. Өз бетінше оқып, ізденіп білім ала алатынын сезінді. Көпшілік оқушы өз білімі үшін — өзі жауапты екенін түсінді деп ойлаймын.
Қашықтан оқыту – оқушыларды жағдай талабы арқылы, заман талабына жетелеп отыр деп білемін.