Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытудың тиімділігі.

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі.

Бүкіл әлемді дүрліктірген  жұқпалы аурудың жедел таралуы негізінде  Қазақстанда коронавирус пандемиясы жарияланды. Соның негізінде Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты нақты іс шаралар  қабылданды. Бұл ауру тез таралып жатыр біз не істеуіміз керек, балаларымыз қалай болар екен  деген ой барлық адамдарда туындағаны анық.  Өйткені бұл ойдың сан алуан себептері мен өзіндік мән мағынасы бар. Осы орайда ұстаздар қауымы да ойланғаны рас.  Анығырақ айтқанда: әрбір мұғалімнің ойында өзінің апталық жүктемесін  толық оқытып,  тәрбиелеуге толық мүмкіншілігі бар ма?  Мәселен не істеу керек? Бұл сұрақтың жауабын Білім және Ғылым министрлігі тез шешім қабылдап шешіп берді. Яғни бүкіл елімізде жаппай қашықтықтан оқытуға көшу.

Қашықтықтан оқыту  бұл не? Қашықтықтан оқыту — бұл алыс қашықтықта білім алу,  мұғалім үйінде, оқушы да үйінде бірақ бұл оқу үрдісіне кедергі жасамайды.

Алғаш естігенімізде аздап абдырап қалғанымыз рас. Себебі менің қырық жылдық ұстаздық еткен жылдарымда бұндай жағдай кездескен емес. Бастапқы бірінші аптасында аздаған қиыншылықтар кездесті. Біздің Мұнайлы ауданына Елбасымыздың сындарлы саясатының аясында  көптеген тұрғындар ТМД елдерінен көшіп келген. Алайда мектебіміздің түгел ұжымы болып барлық туындаған  мәселелерді шеше білдік. Ата-аналармен, оқушылармен тығыз байланыс жасай отырып қашықтықтан оқытуды жолға қойдық.

Білім берудің барлық формалары секілді, қашықтықтан білім берудің де бірталай артықшылықтары бар. Сабақ өткізген үш аптада  қашықтықтан оқытудың қыры мен сырына түсіндім. Яғни оқушылар:

  1. Үйден шықпай-ақ қажетті білімді ала алады. Бұл әсіресе қазіргі карантинге байланысты оқушылар үшін өте маңызды.
  2. Сынып жетекшісі мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнайды.
  3. Оқушы өзіне ыңғайлы кез-келген жерде оқудың негізгі түрін тоқтатпай, тапсырманы орындау мүмкіндігіне ие болады. Жеке пәндер бойынша оқу материалдарының тапсырмаларын әрбір оқушы жеке жағдайына және қалауына қарай орындай алады.

4 Оқудың еркіндігі мен икемділігі сондай-ақ оқудың уақыты мен ұзақтығын өз бетімен есептей алады.

5 Мұғалім мен оқушы  арасындағы кері байланыс  жүзеге асады.

6.Оқу материалдарын меңгеру барысында оқушының  өзін-өзі көрсетуі үшін қолайлы жағдайлар туындайды.

 

Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз  ақпараттар арқылы байланысуға, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.Оқушы үй жұмысын  компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен орындай алады.

Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі күшті. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол әрбір сабағының  құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесінің ережелеріне қарай бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында   ұсыныстар береді.  Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындауы шарт.

Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін

ойдағыдай іске асыруы қажет. Осыған орай,  аудандағы  мектептер  шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет  деп ойлаймын.

Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған оқушылардың қазіргі кезде жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Бір сөзбен айтқанда мұғалім артист демекші ұстаз қандай жағдай болса да дайын болу қажет деп ойлаймын. Және бұл кезең де өтер. Әрбір ұстаз таңертең мектебіне асығып, өзінің сүйікті шәкірттерін қуанышпен қарсы алатын сәттерге жетейік деп тілейік. Барша Қазақстан елі аман болсын. Біз біргеміз!

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
 № 14  жалпы  білім беру орта мектебінің
 көркем еңбек пәні мұғалімі
Айтджанова. Амангул.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.