Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы
Педагог бір орнында тұрмайтын өмір ағымымен бірге жүзетін, заманына қарай білімін жетілдіретін, әрдайым ізденісте жүретін маман. Заманауи мұғалімнің тиімді жұмыс істеуінің шарттары: кәсіби құзыреттілік, ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындық болып табылады. Оқушыға кездесетін қиындықтардың себептерін анықтай білу қабілетін жетілдіру және оған қажетті көмек көрсету, оқушының іс-әрекетін және оның жалпы дамуын болжау, бақылау-диагностикалық әрекеттерді оқушының даму траекториясын талдаумен байланыстыру, өз қызметін жоспарлау қажет.
Атап айтқанда, педагогтың оқыту процесінде мұғалімдік тәжірибесін үздіксіз жетілдіруге аналитикалық құзыреттілігі өте маңызды.
2021-2022 оқу жылының желтоқсан айында Астана қаласының Педагогикалық шеберлік орталығында (ПШО) «Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі» атты курсқа қатысып өте үлкен әсер алдым.
Курс барысында кәсіби тәжірбесінің оқыту процесінде толық оқушының білім сапасын арттыруға қолдану үшін аналитикалық құзыреттілігін пайдалана алса, үлгерім мен ілгерілеу қатар жүретініне көз жеткізе алдық. Онкүндік курста аға оқытушы, тренер Ақерке Алданышқызы бұл курстың кез келген пән мұғалімі үшін аса қажет екенін жеткізе білді. Алған білімімді бір жылдық тәжірибеме пайдаланып, биылғы оқу жылында 2024 жылғы 16 ақпанда ПШО орталығында өткен Астана қаласының мектеп педагогтеріне арналған «Жетекші мектеп-кәсіби қоғамдастық көшбасшысы» аймақтық форумында әріптестеріммен сол тәжірибемді бөлістім.
Жалпы, қорыта айтар болсақ, курстан алған білімімнің нәтижесінде өз пәнім бойынша оқу сапасының денгейін анықтау үшін БЖБ, ТЖБ жұмыстарының деректерін талдауға цифрлық құралдарды (MS Excel, MS Power BІ, т.б.) қолдану арқылы бағалау нәтижелерін білім алушыға оқудағы ілгерілеуді бағамдау үшін қолдануға болатындығына көз жеткіздім.
Болашақ аналитикті проблемалар мен міндеттерді шешуге үйрету керек, яғни үйреншікті шаблоннан шығып, мәселеге әртүрлі көзқараспен, әртүрлі зерттеу қырынан қарауға үйреткен жөн.
Замзагуль Мыкышева
Астана қаласының Қ.Қайсенов атындағы
№27 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі