Home » Мақалалар » Жылдам оқу

Жылдам оқу



Кадырбаева Сауле Тюлебаевна

Өтеген Каусар Сабитбекқызы
Астана қаласы
Міржақып Дулатұлы атындағы
№68 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімдері

Жылдам оқу

Ақпараттық технологиялар дамыған заманда жылдам оқу – балаға қысқа мерзімде көбірек ақпарат алып қана қоймай, оны тереңірек сіңіруге мүмкіндік беретін пайдалы дағды. Жылдам оқу – арнайы әдістерді қолдана отырып, оқығанның мәнін тез түсіну қабілеті. Бастауыш сынып мұғалімінің міндеті – балаға оқығанын түсінуге, талдауға және қайта жаңғыртуға үйрету.

Біздің  пайымдауымызша, бұл дағдының оқу жылдамдығынан басқа:

  • есте сақтау қабілетін дамытады;
  • креактивті ойлауын дамытады;
  • зейінді шоғырландыру қабілетін жақсартады;
  • үй тапсырмасын орындау уақыты қысқарады;
  • баланың ойлауын оның барлық түрлері мен формаларында дамытады;
  • қиялды, дикцияны және артикуляцияны, шоғырлану мен табандылықты жақсартады;
  • сабақтағы алаңдаушылықты азайтуға көмектеседі.

Жылдам оқуды үйрену кезінде бала тек мектепте ғана емес, университетте оқып, мансап құру кезінде де қажет болатын үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеуге дайын болады. Мектептегі үлгерім баланың оқу жылдамдығына тікелей байланысты. Нашар оқитын бала оқу материалын меңгеруде сыныптан үнемі артта қалады .

Бағдарламада  берілген оқу тәсілі баланың екі ми бөліктерінің бірдей дамуына бағытталып, оның креактивті ойлауын дамыту, сыни ойлау дағдысыын қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін артыруға бағытталған.

Ұсынып отырған бағдарлама оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау, түсініп оқу, дұрыс оқу, жылдам оқу дағдыларын қалыптастыруға , оқушының білімге деген қызығушылығын, ой-өрісін арттырып,  тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамытуға себебін тигізеді деп ойлаймыз. Бағдарламаның басты мақсаты – заман талабына сай оқушының өз бетінше жұмыс жасау қабілетін жетілдіріп, шығармашылық жұмысқа тартып, ізденіске жетелеп, ой сараптауға үйретеді, сөйлеу, тыңдау, жазу, оқу әрекеттерін меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Бағдарламаның негізгі объектісі: Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру арқылы мәтінді түсініп тез оқуға, жылдам ойлауға, есте сақтауын дамыту арқылы білім сапасын арттыру.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.